ДИКТОР: Аймақта «Елтану» атты ғылыми-ағартушылық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты - қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, дәстүрлі мәдени мұраны жастарға жеткізу. Биыл жоба аясында төрт этномәдени бірлестік гранттық қолдау алды. Әзербайжан қауымдастығы ұйымдастырған мәдени шарада қазақ дәстүріндегі маңызды салттардың бірі – «Отау құру» рәсімі көрсетілді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Көрермендер дәстүрлі құда түсу рәсімін тамашалады. Шара барысында «арқан тарту», «құйрық-бауыр» және сыйлық алмасу сияқты салттар таныстырылды.
СНХ: МУСА МАМЕДОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘЗЕРБАЙЖАН ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін бізге «Қазақ дәстүрлері» жобасын жүзеге асыру құрметі бұйырды. Біз дәстүрлерді көрсету арқылы жастардың оны ұмытпауын, ұрпақтан ұрпаққа жеткізілуін қалаймыз. Бұл тек қазақ халқының емес, Қазақстанда тұратын барлық түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасы.
РКС: Шара барысында көрермендерге «Сырға салу» рәсімі де ұсынылды. Бұдан соң жас келіннің ұзатылар алдындағы ел-жұртымен қоштасу жыры - сыңсу дәстүрі көрсетілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЖАНАР АХМЕТЖАРОВА, БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МӘДЕНИ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: Бүгінгі таңда біз Белсенді ұзақ өмір орталығының белсенді қатысушыларымен осындай керемет қазақтың салт-дәстүрін дәріптеуге келіп отырмыз. Қазақтың қызы ұзатылып жатқанда бұрын ежелде ұзатылып жатқан қыз өз елімен, өз жерімен қоштасып, сыңсуын айтатын болған. Сол сыңсу рәсіміне тоқталып, жаңағы қызымызды сыңсу әнімен шығарып салып жатқан жайымыз бар.
СНХ: САРА ПАНАХОВА, №6 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:
Бүгін біз қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен таныстық. Қазақ дәстүрлері туралы көп нәрсе білдік. Өте қызықты әрі танымды болды.
РКС: Айта кетейік, «Елтану» жобасы өңірде екінші жыл қатарынан облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып келеді.
СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биылғы жылы Қазақ халқы ассамблеясының 30 жылдығына орай Ішкі саясат басқармасының тарапынан үлкен осындай «Елтану» атты жоба қолдау тапты. Яғни, әлеуметтік тапсырыс шеңберіндеэтно-мәдени бірлестіктер осы сайысқа қатысып, өз өнерлерін көрсетуде. Биылғы жылы 4 грант бөлдік 4 миллион теңгеге. 4 мәдени бірлестік жеңіп алды. Қазіргі таңда әр түрлі еліміздің, халқымыздың салт-дәстүрлерін әдет-ғұрпын кеңінен халыққа жариялау, паш ету мақсатында.
РКС: Комиссия шешімі бойынша гранттық қолдау «Чинсон» Корей мәдени орталығы, Чуваш этномәдени орталығы, сондай-ақ татар-башқар қауымдастығы мен Әзербайжан қауымдастығы жобаларына берілді. Енді әрбір бірлестік жастарды тәрбиелеуге және ұлттық дәстүрлерді сақтауға бағытталған іс-шаралар легін ұйымдастырады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ