ДИКТОР: Қорғалжын қорығындағы туристік жобаларды дамытуға жарты миллиард теңге бөлінеді. Қаражат «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қарастырылған. Бұл туралы аймақ басшысы Марат Ахметжанов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.
РКС: Жиын барысында аймақ басшысы ауданның аграрлық секторы мен экономиканың негізгі салаларындағы даму қарқынына тоқталды. Биыл ауыл шаруашылығына көрсетілетін мемлекеттік қолдау көлемі 1,5 есе артқан. Мал шаруашылығы саласында да айтарлықтай серпін бар. Мәселен, жыл басынан бері ауданға 4,3 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда тоғыз есе көп. Ал табиғи байлыққа бай өңірдің туризмді дамытуға да әлеуеті зор.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қоқиқаз бар екен ғой. Ең солтүстік мекендейтін - біздің Қорғалжын екен. Мынау тарихта, бүкіл жазылған. Оны бізге пайдалануымыз керек. Ал енді қаржы болмаса, әрине пайдаланбаймыз. Сондықтан сізге Қорғалжынға жарты миллиард «Ауыл аманаты» бойынша мен бөлемін. Бірақ та оны игеру, оны кімге беру, оны қалай тиімді пайдалану – ол өз жауапкершілікке болу керек. Егер игере алмасаңыздар, ол басқа ауданға кетеді. Қолдан келетін адамдарға бөлінуіміз керек.
РКС: Аудан инфрақұрылымын дамытуға қатысты да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Биыл 26 шақырымнан астам жол жөнделді. Нұра су жүйесі жаңғыртылуда. Жоба толық жүзеге асса, 13 ауыл тұрақты таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Тұрғындар көкейіндегі мәселелерін ашық жеткізді.
СНХ: ҚИНАЯТ ИМАШЕВ, ЖАНТЕКЕ АУЫЛЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ауылды жарықтырандыру келіп ашты, әкіміміз. Зерде деген балабақша ашылды. Бәрі қазір жұмыс істеп отыр. 3-этажды мектебіміз құрделі жөндеу өтіп, төбелесі, сырты бәрі істеп, модульный котельный салынып, жып-жылы. Батысқа жол биыл бастады ғой, біздің Жантекеден өтетін. Ең үлкен ауылы ғой, Сабындыдан кейін осы Қорғалжында. Жастар көп, оқып атқандары да көп. Соларға көп жұмыс орын ашылса, бізге керек мәдениет үйі. Мәдениет үй болса, жастар ауылда қалады. Соған енді бәрі қаражатқа тіркеліп тұр ғой. Соған сол жағынан көмек берсеңіз.
РКС: Аталған мәселелер бойынша аймақ басшысы қаржыландыру жуық арада қарастырылатынын айтты. Сонымен қатар аудан тұрғындары қоғамдық монша салу және Сабынды ауылының жолын жөндеуге қатысты мәселелерді көтерді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ