ДИКТОР: Көкшетауда қандастар үшін кезекті Ашық есік күні өтті. Бұл жолғы кездесуге облыстың барлық ауданынан қандастар Zoom арқылы қосылып, сауалдарын тікелей қойды. Шараға сондай-ақ өңірлердің әкімдік өкілдері, білім беру мен денсаулық сақтау саласының мамандары, көші-қон және әлеуметтік қыметтің өкілдері қатысты.
РКС: Кездесуде көтерілген сұрақтар да күнделікті өмірде өзекті. Туу туралы куәлікті заңдастыру, неке қию туралы құжаттарды реттеу, шетелдік жүргізуші куәлігін отандық үлгіге ауыстыру, қарыз алу, несие рәсімдеу сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Жиында заңгер де Zoom арқылы тікелей байланысқа шығып, әр қатысушының сұрағына толық түсініктеме беріп отырды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЛМАГҮЛ СЕРЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қандастардың сұрақтары осында талқыланып, шешім шығарып жатырмыз. Аудандарда шешілмеген мәселені облыстық деңгейде шешудеміз. Биыл өңірге 444 отбасы келді. Олар Қытайдан, Моңғолиядан, Түркменстан, Ресейден, Өзбекстаннан келген. Осы уақытқа дейін 325 адамға көмек көрсетілді.
РКС: Биыл Қосшы қаласында қандастардың бүлдіршіндерін балабақшаға орналастыру және оқушыларды мектепке тасымалдау мәселелері шешілді. Бұланды ауданында - мал шаруашылығын дамытуға, ал Бурабай ауданында күнбағыс өсіруге жер телімдері бөлінген. Шағын бизнес бастауға жер телімін алу мәселесі қандастар үшін әлі де өзекті.
СНХ: АБАЙ ИБРАГИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, бау бақша үшін және саяжай құрылысын жүргізу үшін жер алуға болады. Ол жер жалға өтеусіз беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанда сол жалға алға жерді жеке меншікке ауыстыруға болады. Ал ауыл шаруашылық жері туралы айтсам, ондай жер берілмейді. Тек Қазақстан Республикасының азаматығын алған жағдайда беруге болады.
РКС: Бұл бастама республика көлемінде бір ай бұрын қолға алынған. Енді әр айдың 6-сында Ақмола облысында да қандастар үшін Ашық есік күні тұрақты форматта өтпек. Мұндай кездесулер олардың мәселелерін уақытылы тыңдап, шешу үшін үлкен мүмкіндік болып тұр.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ