ДИКТОР: Көкшетаудағы №11 мектеп-гимназиясындағы «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушылары нашақорлықтың алдын алуға қатысты бірегей жоба әзірледі. Жобаға «Виртуалды талдау – нақты өмір» жалпы атаумен бірнеше модуль кіреді.
РКС: Жобаны әзірлеген кезде оқушылар жасанды интеллект пен виртуалды шындық технологияларын қолданды. Бұл тыйым салынған заттардың зиянын, оның салдарын көрнекі әрі қолжетімді түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Жоба әзірлеушінің бірі Мадияр Исламбек. Ол бағдарламаның басты бөлігіне айналған анимациялық интерактивті мультфильм жасады.
СНХ: МАДИЯР ИСЛАМБЕК, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Басты кейіпкерлер ұл мен қыз. Бұл анимациялық фильм адамдардың қате таңдау жасамауға арналған. Оларға салауатты өмір салтын ұстануға және нашақорлыққтың не екенін түсінуге мүмкіндік беру.
РКС: Мектеп директоры Ботакөз Құсақаева дәстүрлі лекциялар мен әңгімелесулер әрдайым оқушылардың қызығушылығын тудыра бермейтінін, ал интерактивті әдістердің маңыздылығы зор екенін атап өтті.
СНХ: БОТАКӨЗ ҚҰСАҚАЕВА, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Оқушылардың өздері жасаған әрекеттері олардың назары мен қызығушылығын арттырып, осы әдеттерінің зияндылығын түсінуге мүмкіндік береді. Менің ойымша, болашақта оқушыларымыз салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлгі болмақ.
РКС: Жобаның тағы бір модулі «Таңдау сенікі» атты квест-ойыны болды. VR-технологиялардың көмегімен қатысушылар толықтай модельделген өмірлік жағдайларға еніп, тәжірибе алады. Жоба әзірлеушілер оның әлі жетілдіру сатысында болғанын атап өтті. Қазір олар жеке модульдерді толықтырып, жаңа элементтер қосуда. Жақын арада жоба өңірдегі барлық мектептерде нашақорлықтың алдын алу жұмыстарының бір бөлігіне айналады деп жоспарланып отыр.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ