ДИКТОР: Демалыс күні Көкшетауда каратэ шинкиокушинкайдан Тәуелсіздік күніне арналған ашық турнир өтті. Оған Қазақстанның әр өңірінен жиналған 300-ден астам балғын каратэші қатысты. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы сайыс қатысушылар дайындығының жоғары екенін әрі спорттың бұл түріне қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.

РКС: Турнирге Көкшетау мен Астана қалаларынан, сондай-ақ көршілес Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан спортшылар қатысты. Бұл жолғы жарыс мықтыларды анықтайтын алаңға айналса, татамиге енді ғана шығып жүрген балғын каратэшілер үшін шеберлігін шыңдап, өзін көрсетуге мүмкіндік берген сайыс болды.

СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысының каратэшілері Қазақстанда және шетелде де кумитенің жауынгерлік қырымен ерекшеленіп жүр. Германия, Болгария, Грузияда каратэден өткен әлем чемпионатында және Қазақстандағы турнирлерде жеңіске жеткен чемпиондарымызға бүгін құрмет көрсетіп жатырмыз. Сондықтан бүгін спорт мерекесі. Осындай іс-шаралар арқылы Отаншылдық рухты көтеріп, спорттық, салауатты өмір салтын насихаттаймыз.

РКС: Ұйымдастырушылар соңғы жылдары жастардың каратэ шинкиокушинкай бағытын көбірек таңдайтынын айтуда. Бұл дегеніміз жекпе-жекке қызығушылықтың артып отырғанын көрсетсе керек.

СНХ: САМИРА РАХМЕТОЛЛА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Бүгінгі турнирде екінші орынды еншіледім. Жасым 12-де, каратэге қатысқаныма 8 жыл болды. Болашақта каратэден жаттықтырушы болғым келеді. Балаларды жаттықтырып, олардың чемпион болғанын көрсем деймін.

СНХ: АБЫЛАЙ САҒЫНДЫҚОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Спортқа төрт жылдан бастап барып жүрмін. Осы турнирде бірінші орын иегерімін. Жалпы жарыста үш бой өткізіп, бірінші орын алдым. Барлық соперниктер қиын болды. Финалда 2 раунд төбелестім, 4 минут.

РКС: Жеңімпаздар чемпионаттың арнайы медальдарымен және дипломдарымен марапатталды. Турнирге қатысушылар мен қонақтар жарысты жоғары деңгейде өткізген жаттықтырушылар мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ