ДИКТОР: «Даму» қоры «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. Аталған қор кәсіпкерлерге негізгі 3 құрал арқылы мемлекеттік қолдау көрсетеді. Өңір кәсіпкерлері соңғы 4 жылда қордан қолдау алып, 9 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыды. «Даму» қоры ұлттық даму институты ретінде еліміздің барлық аймағында шағын және орта бизнестің өркендеуіне үлес қосып келеді. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Соңғы төрт жыл ішінде қордың қолдауын көрген кәсіпкерлер бюджетке шамамен 450 миллиард теңге көлемінде салық аударған. Қазір қор нарықтан тыс қолдау тәсілдерінен бас тартып, кезең-кезеңімен орнықты әрі ұзақ мерзімді тетіктерге көшуде. Кәсіпкерлікті қолдаудың басты бағыттары жеңілдетілген қаржыландыру, несиеге кепілдік беру және несие мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау.

СНХ: АЙНАГҮЛ БАЙДӘУЛЕТОВА, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Өрлеу» бағдарламасы – алғашқы жеңілдетілген қаржыландыру. Оны маусым айында іске қостық. Бұл бағдарламаның ерекшелігі субсидияланған пайыздық мөлшерлеме. Кәсіпкерлер 12,6 процентпен, яғни бекітілген мөлшерлеме бойынша несие ала алады. Аталған бағдарламаға барлық банк қатысады. 7 миллиард теңгеге дейін несие алуға болады. Қарыз мерзімі 10 жыл. Бағдарламаның негізгі бағыттары – өндіріс, өңдеу, медицина, білім беру және көлік логистикасы.

РКС: Жыл басынан бері осы бағдарлама бойынша 14,2 миллиард теңгеге 43 жоба қолдау тапты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құны 7 миллиард теңгеге дейінгі және ол сомадан асатын жобалар үшін кепілдік 2 қор іске қосылды. Енді кәсіпкердің кепілмен қамтамасыз ету тапшылығы кезінде «Даму» қоры 2 жұмыс күні ішінде жобаларға 7 миллиард теңгеге дейін кепілдік береді. Бұдан бөлек, портфельдік субсидиялау және кепілдік беру аясында құны 200 миллион теңгеге дейінгі жобаларды қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды. Кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесі 13,2 процент.

СНХ: БОТАГӨЗ ХАСЕНОВА, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өңірде жыл басынан бері кепілдік ұсыну бағыты бойынша 84 миллиард теңгеге несие беріліп, 411 жоба қолдау тапты. Берілген кепілдіктер көлемі 66 миллиард теңге. Оның ішінде 1-ші Кепілдік Қоры аясында 15,5 миллиард теңгенің 94 жобасына қол қойылды. Жобалардың ең үлкен үлесі өңдеу өнеркәсібі, көлік және қойма салаларына тиесілі. Сондай-ақ көктемгі егіс және күзгі егін жинау науқанына 295 кепілдік рәсімделді. Бұл бағыттағы жалпы несие көлемі 66, ал кепілдік сомасы 56 миллиард теңге.

РКС: Жыл басынан бері субсидиялау бойынша 64 кәсіпкер қолдауға ие болды. Оның ішінде Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында 7 миллиард теңге несие беріліп, 47 жоба рәсімделді. Сондай-ақ, ішкі сауда субъектілеріне қатысты 2 миллиард теңге несие көлеміндегі 17 жоба қолдау тапты. Бұдан бөлек, электронды сауда бағытында инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға өтінімдер қабылдау жалғасуда.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ