ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты Өтеміс ауылының көшелерін жарықпен қамтуға арналған ауқымды жоба аяқталды. Ауылішілік көшеге 100-ден астам баған орнатылып, жарық берілді.

РКС: Өтеміс ауылында көп жылдан кейін алғаш рет барлық көшеге жаңа заманауи жарық бағандары орнатылды. Шамдар толық іске қосылған соң елді мекеннің көркі айтарлықтай өзгерді, – дейді тұрғындар. Олар үшін бұл тек техникалық жаңарту емес, өмір сүру сапасын арттыратын маңызды қадам. Енді түнде көшелер әлдеқайда қауіпсіз, балалар мен жаяу жүргіншілер еркін серуендеуге мүмкіндік алды.

СНХ: ЖАҚЫП ЖҰМАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Көшемізге асфальт салынды. Альсфальттан кейін көшемізге тоқ тартылды. Жарық қосылды. Бірақ бұл жарықты асфальтпен бірге беру керек еді. Енді біздің ауылдың ақсақалы бар, жастары бар. Бәрі сұрағандықтан осылай ерте алып отырмыз. Бәріне рақмет. Біздің айтқанымызға құлақ асып, осылай ертерек бізге жарық бергеніне. Өйткені қазір күн ерте батады. Мектебіміз ауылдың шетінде орналасқандықтан көшелердің жарық болуы біз үшін өте маңызды.

РКС: Жоба ауылдық аумақтарды абаттандыруға қатысты атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар аясында жүзеге асырылды.

СНХ: ЖАНАТ ДҮЙСЕКЕЕВ, АҚМОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Целиноград ауданының Ақмол ауылдық округі өте қарқынды дамып келе жатыр деп айтуға болады. Неге десеңіз, бұл Ақмол ауылдық округінде барлық халыққа жағдай жасалған. Үйлерде орталықтандырылған көшелердің жарықтары толығымен бар деуге болады. Жолдары да, абаттандыру жағынан да жоғары деңгейде жасалған.

РКС: Айта кетейік, Қажымұқан ауылында да көшелер жарықпен қамтамасыз етілді. Мұнда тіпті шамамен 80 жыл бойы түнгі жарық болмаған. Қазір ауданның Арайлы, Софиевка және Қоянды ауылдарын да жарықпен қамту жалғасып жатыр.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ