ДИКТОР: Ақмола облысында тағы бір Еңбек Ассамблеясы пайда болды. Тәуелсіздік күні қарсаңында бұл ұйым Көкшетаудағы «Казрост Инжиниринг» компаниясында салтанатты түрде ашылды. Шараға қатысушылар шеберханаларды аралап, өндіріс процесімен жан-жақты танысты. Мерекелік салтанатта бірқатар белсенді жұмысшыға марапат табысталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында компания басшылығы мен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев кәсіпорын ұжымын еңбек Ассамблеясының ашылуымен құттықтады. Бұл бастама қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауда ерекше роль атқаратын әлеуметтік маңызды жоба екенін атап өтті.
СНХ: ДОСҰЛАН АЙТБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБСАРЫ: Жұмысшы мамандар өкілдері – еліміздің тірегі әрі мақтанышы. Елімізде көптеген кәсіпорындар ұзақ жылдан бері бойы көтеріп келеді. Сіздердің осындай кәсіпорындарыңыз ауыл шаруашылық техникасының отандық өндірушісі болып табылады, белдеуін өндірушісі болып табылады. Кәсіпорынның осы салаушының кеңіспекторінің және қажетті жабдықтар сатып алудың ең тиімді үлгісін көрсетіп келеді бүкіл елімізге. Сонымен қатар түрлі этнос өкілдерінің шоғырландырған мекемеде. Ол жалпыұлттық бірліктің сақталуын, қызметкерлер арасындағы өзара сыйластықпен ынтымақтастығының дамуына көңіл қуантып келеді.
РКС: Мекеменің үлкен еңбек ұжымында түрлі этнос өкілі жұмыс істейді. Олар өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді.
СНХ: ИЛЬЯ ПЕТРОВ, ЖИНАҚТАУШЫ: Мен 21 жастамын. Осында осы жылдың мамыр айының соңында жұмысқа орналастым. Жинақтаушы болып жұмыс істеймін. Міндетім – цехқа қозғалтқышсыз, толық бос күйінде Ростовтан жеткізілетін жаңа техника келген кезде, қоймадан машинаның жинақталатын жиынтықтарын әкеліп, жәшіктерді ашып, қажетті бөлшектерді дайындау. Біз басқа мамандар жинайтын бөлшектерді әзірлейтін бөлімбіз. Ұжымымыз өте үлкен және тату.
РКС: Бірқатар маман иелері кәсіпорынның дамуына, достықты нығайтуға және еңбек ұжымындағы ұлтаралық келісімге қосқан елеулі үлестері үшін марапатталды. Жұмысшыларға облыс әкімі орынбасарының алғыс хаттары табысталды. Компанияның негізін қалаушы, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мүшесі Шалва Джахуташвили «Бірлік» медалімен марапатталды. Компания директоры өз кезегінде еңбек Ассамблеясы қызметкерлер арасында корпоративтік мәдениетті нығайтатынын атап өтті.
СНХ: АНДРЕЙ АНТРОПОВ, KAZROST ENGINEERING LTD ЖЕКЕМЕНШІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Кәсіпорынның еңбек ұжымы көпұлтты, алайда ешқашан қызметкерлерді ұлтына қарай бөлмейді. «Біздің алдымызда нақты міндеттер тұр. Ең бастысы — отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қажетті жаңа техниканы жасау. Біз бұл жұмысты табысты атқарып келеміз және өнімді жергілікті талаптарға сай орындаймыз.
РКС: Еске сала кетейік, бұған дейін еңбек Ассамблеясы «Степногорск тау-химия комбинаты» серіктестігінде құрылған болатын. Бұл жұмыс жалғасын тауып, өңірдегі өзге де кәсіпорындарда Қазақстан халқы Ассамблеясының бөлімшелері ашылады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ