ДИКТОР: Ел Тәуелсіздігінің мерекесіне орай Көкшетаудағы №1 мектеп-гимназиясында «Тәуелсіздік-ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты тарихи сағат өтті. Шара барысында өңір тарихшылары оқушыларға хан бабалардың өткен жолы мен тәуелсіз елдің таңы үшін жанын қиған ірі тұлғалардың игі істері жайында баяндады. Сондай-ақ, тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

РКС: Биыл Тәуелсіздікке 34 жыл. Осы уақытта Қазақстан жаһандық алаңда егемен ел ретінде дәлелдеді. Кешегі қиын қыстау заманда халықтың өткен жолы мен кешкен мұңын жадынан өшірмеген ел.

СНХ: АМАНБАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Ата-бабаларымыздың, аталарымыздың ерлігі, рухани қарсылығы, халқымыздың осы азаттыққа деген арманы, мақсат мүтделері жатыр. Енді әрине тәуелсіздікті алғаннан кейін, ол халықтың басына түскен несібе. Қалай айтсақта халқымыз осы күнге лайықты деп ойлаймыз. Ендігі біздің міндетіміз ол осы ата-бабамыздың аматын сақтап қалу бізге парыз. Ол осы тәуелсіздікті сақтай білу. Тәуелсіздік қсиетті ұғымын осы ұрпаққа жеткізе білу.

РКС: Тарихи сағатқа орта буын мен жоғары сыныптың оқушылары қатысып, қонақтардың тағылымы мол әңгімелерін ұйып тыңдап, зор белсенділік танытты.

СНХ: ӘЙГЕРІМ ӘЛИЕВА, №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Тарих ғылымдарының кандидаттары осы біздің мектебімізге келіп, қаншама мағлұматтар айтып, бізге үлкен әсер берді. Сол үшін біз қуаныштымыз. Біздің мектебіміз осылай өрлей берсін. Тәуелсіздік туралы, отанды сүю туралы айтты. Осыған біз қуаныштымыз және рахмет айтамыз.

РКС: Білім ордасында бұған дейін де Тәуелсіздік мерекесіне орай оқушылардың бойында патриоттық сезімді ояту, Отанға деген құрметті насихаттау мақсатында бірнеше тағлымды шара өткен.

СНХ: ДАНА ЖҰМАЖАНОВА, №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Тәуелсіздік-дініміздің, тіліміздің, салт-дәстүріміздің, ұлттық болмысымыздың қайнар көзі. Мектебімізді тәуелсіздікке арналған «Тәуелсіздікке 100 сұрақ» атты көңілді үзілістер өткізілді. Балалар өте белсенді қатысып, тәуелсіздік құрбандары, жалпы тәуелсіздік туралы біраз мәліметтер алды. Және 16 желтоқсанға байланысты подкастар түсіріліп, жалпы осындай жұмыстар атқарылып жатыр.

РКС: Егемен елдің-еңсесі биік. Елі мен жерін құрметтейтін, тұғырын асқақтататын ұрпақты тәрбиелеу ел мүддесі.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ