ДИКТОР: Жыл басынан бері облыстық есірткіге қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарманың қызметкерлері есірткіге қатысты 300-ге жуық қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Құқық қорғаушылар есірткі сатудың 140-тан астам фактісінің жолын кесіп, аса ірі мөлшерде тыйым салынған заттарды сақтауға қатысты 10 жағдайды анықтады.
РКС: Облыс аумағында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді жасанды өсірудің 8 дерегі анықталды. 10 фито есірткі зертханасы жойылды. Оның екеуі синтетикалық есірткі өндіруге маманданған. Жедел жұмыстың арқасында 377 келі есірткі және психобелсенді зат тұтынушыға жеткен жоқ. Жыл басынан бері Астана қаласы мен Павлодар облысынан синтетикалық есірткі жеткізудің 6 нүктесінің жолы кесілді. Басқарма интернет кеңістіктегі есірткі саудасын жоюға ерекше екпін беріп отыр.
СНХ: ДУМАН САБЫРЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАНЫҢ БАСТЫҒЫ: Синтетиканы сатуға қатысты ақпарат таратқан 1500 интернет-сілтеме анықталып, бұғатталды. «Antifraud» жүйесіне 42 миллион теңгеге есірткі сатуда пайдаланылған 1500-ден астам отандық банктік және 10600-ге жуық шетелдік карта мен 1324 криптоәмиян енгізілді. Әлеуметтік желілерде әлеуметтік есірткілерді өткізуге қатысы бар тұлғалардың аккаунттарын бейімдеуге 25 сұраным санкцияланды.
РКС: Аймақта 1400-ге жуық жасқа профилактикалық шара өткізілді. Волонтерлер, студенттер мен жастар отрядтары акцияда белсенділік танытты. Жастар есірткіге қатысты граффитилерді анықтауға көмектесіп, тұрғындарды жауапкершілік туралы ақпараттандырады. Сонымен бірге қауіпсіз орта құруға зор үлес қосып келеді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ