ДИКТОР: Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында қысқы жарыс маусымы ашылды. Орталықта Биатлоннан Қазақстан Кубогының бірінші кезеңі өтті. Оған қазақстандық танымал биатлоншылар мен бүкіләлемдік универсиаданың жүлдегерлері, әлем чемпиондары, әлем Кубогының қатысушылары өзара бақ сынады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бурабай баурайында орналасқан қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы жыл бойына 20-дан аса ірі халықаралық, республикалық чемпионат, спартакиада мен турнир өткізеді. Қысқы жарыс маусының ашылуына орай орталықта Биатлоннан Қазақстан Кубогының біріншілігі өтті. Оған Батыс Қазақстан, Абай, Алматы, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 140-қа жуық спортшы қатысуда. Солардың арасында 2025 жылғы Азия ойындары мен Дүниежүзілік Универсиаданың жүлдегерлері Арина Крюкова да бар. Сонымен қатар Ұлттық құраманың басты спортшылары бұл жерде Швецияның Эстерсунд қаласында өтетін Әлем кубогына дайындалуда.

СНХ: ӘДІЛ ТӨЛЕУБАЕВ, БИАТЛОННАН МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Жазда ең мықты деген жасөспірім спортшылар Германияның Арбер қаласында оқу-жаттығу жиынына қатысты. Қазақстандық спортшыларды итальяндық биатлоншы, жаттықтырушы Лука Бормолини байқап, жоғары баға берді. Федерация осы жарысқа Лука Бормолинаны арнайы шақырды. Ол бұған дейін Чехия, Жаңа Зеландия және Австралияның ұлттық құрамаларын басқарған, оның жетекшілігімен спортшылар әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарының медальдарын жеңіп алды. Қазір ол біздің жасөспірімдермен жұмыс істеуде, яғни қазақстандық жасөспірімдерді халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындауда.

РКС: Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ересектер, жасөспірімдер мен балалар арасында жылына бес жарыс өтеді. Биатлон қысқы спорт түрі болғанымен мұндағы шаңғы роллерінде жаттығу қысы, жазы үздіксіз жүреді.

СНХ: ІЛИЯС ҚАСЕНОВ, СПОРТШЫ: Мен Ақтөбе облысынан келдім. Бұл жарыс Қазақстан Республикасы чемпионатының бірінші кубогының спринті. Биатлонмен 13 жасымнан айналысамын. Риддер қаласындағы Олимпиадалық резерв мектебінде оқимын. Жарыс жақсы өтті, трасса жақсы дайындалған, қатты жел де болған жоқ, көздеп атудан да еш проблема болмады. Осы жарыста мен бірінші орын алдым.

РКС: Биатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогының ІІ кезеңі Щучинск қаласында желтоқсанның 24-і мен 28-і аралығында ұйымдастырылады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ