ДИКТОР: Көкшетауда «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты жастар форумы өтті. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында өткен форум 150-ге тарта қатысушының басын қосты. Олардың арасында студенттер, волонтерлер, жастар ұйымдарының өкілдері мен полиция қызметкерлері де бар. Кездесудің негізгі мақсаты тәуелділіктің алдын алу бағытында қоғамның күш-жігерін біріктіру және жастарды нашақорлыққа қарсы бастамаларға тарту.

РКС: Кездесуге арнайы шақырылған «Esbol Qory» қорының төрағасы Жандос Ақтаев есірткі қатеріне қарсы күреске бағытталған негізгі жобалармен таныстырды. Соның ішінде интернетте есірткі сатуға қатысты жарнамаларды автоматты түрде анықтап, бұғаттайтын «Мерген» зияткерлік жүйесі бар. Оның көмегімен 2 мыңға жуық заңсыз хабарландыру жойылды.

СНХ: ЖАНДОС АҚТАЕВ, «ESBOL QORY» ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін желідегі есірткі контенттерін бұғаттау мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, жастарға арналған өзекті мәселелердің алдын алу шаралары талқыланды. Қазір профилактикалық іс-шаралар өзектілігін жоғалтты. Жастарға ықпал ететін, олардың санасын, сыни ойлауын және ең бастысы денсаулығын сақтау үшін жаңа, инновациялық әдістерді жаңартып, енгізу қажет.

КЕСТЕ МӘТІНІ:

Соңғы 11 айда облыста есірткіге қатысты 300-ге жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның 140-тан астамы сату фактісі, аса ірі мөлшерде сақтауға қатысты 10 жағдай, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірудің 8 фактісі, сондай-ақ, есірткіні заңсыз жарнамалау және насихаттаудың 4 дерегі анықталды. Құқық қорғау органдары 34 жасырын есірткі таратушыны ұстады, олардың біреуі кәмелеттік жасқа толмаған.

КЕСТЕ:

СОҢҒЫ 11 АЙДА

298 – есірткі қылмысына қатысты құқық бұзушылық

143 – есірткі сату фактісі

10 – аса ірі көлемде сақтау

8 – құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру

4 – есірткі затын заңсыз жарнамалау және насихаттау

 34 – жасырын есірткі таратушы , оның 1 кәмелет жасқа толмаған

РКС: Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері негізгі басымдық оның алдын алуға және жастар ұйымдарымен тығыз ынтымақтастыққа бағытталғанын атап өтті.

СНХ: РӘЗИЯ ҚҰРСАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: 2024 жылы біз «Жастар рухы» ұйымымен бірге «кибержасақ» құрдық. Қазір оның құрамында 15 адам бар. Олар екі жыл қатарынан интернет кеңістігіндегі құқыққа қайшы контентті, түрлі сілтемелерді анықтау үшін бізге мониторинг жүргізуге көмектесіп жүрген белсенділер. Бүгінде олар бізге шамамен заңсыз 200 сілтемені анықтауға көмектесті.

СНХ: ҰЛДАНА ЖҮНІСБЕК, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Есірткі Қазақстан бұл жай ғана ұран емес, бұл біздің нақты әрекетке шақыру, соның мақсатында бүгін университет қабырғасында осы жайында Ескі Қазақстан атты акция өткізіліп жатыр. Ол студенттердің университет қабырғасын жай ғана біліп алып қана қоймай, есірткі секілді зиянды әрекеттерден өзін бойын аулақтау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіп жатыр, бұл жалпы жастардың салауатты өмір салтын ұстануына болашақта өздерінің. Денсаулықтарына, болашақтағы өмірлеріне зияны тимес үшін жасалып жатқан істері болып табылады.

РКС: Мұндай форумдар мемлекеттік құрылымдар мен білім беру мекемелері және қоғамдық ұйымдар арасында жүйелі қарым-тынас орнатуға мүмкіндік береді. Есірткі қылмысын алдын алу бойынша жұмыс әлі де жалғасады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ