ДИКТОР:Графикалық дизайнда жасанды интеллектті қолдануға қатысты арнайы көрсетілім сессиясы өтті. Студенттер, дизайн әлеміне енді қадам басқандар мен оқытушылар заманауи технологиялар шығармашылық процесті өзгертуге, күнделікті міндеттерді жеделдетуге және мүмкіндіктерді кеңейтуге қалай әсер ететіні туралы ойларымен бөлісті. Адамның дизайндағы роліне, жасанды интеллекттің кәсіби шеберлерді алмастырмай, қалай толықтыра алатынына ерекше назар аударылды.
РКС: Элита Яндиева — халықаралық алаңдарда жұмысымен кеңінен танылып жүрген жоғары білімді графикалық дизайнер. Сессияның спикері ірі халықаралық шаралардың ақпаратын сурет арқылы ұсынумен айналысқан. Цифрлық әлемде әйелдер туралы шыққан пошта маркасының авторы.
СНХ: ЭЛИТА ЯНДИЕВА, СЕССИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Жасанды интеллект қазір жаңашылдық емес. Ол жұмыс үрдісінің халықаралық бөлігіне айналып кеткен. Яңни біздің күнделікті жұмыста қолданатын құралымыздың бірі. Сондықтан да қазір графикалық дизайнерлерді жасанды интеллект алмастыра ала ма деген даулы сұрақ туындап жатыр. Бүгін біз осы сауалды талқылаймыз. Графикалық дизайнда жасанды интеллектті қосу қажет, өйткені ол бірегейлікті қосады.
РКС: Шарада экологиялық мәселеге де назар аударылды. Өндірістен соң көп артық өнім қалады. Кейін ол еш пайдаға асырылмайды, -дейді «Байтақтың» өкілдері. Ал бұл тұрғыда жасанды интеллект процесті, қалдықтың мөлшерін азайта отырып өнімнің санын тиімді есептеуге және жоспарлауға мүмкіндік береді.
СНХ:АСЫЛБЕК БАЯЖҰМА, «BAYTAQ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ал енді экология cаласындағы өзгеріс, бұл әрі бір цифрландыру элементтерін қазір енгізген сайын, әрі бір қазіргі өндіріс орындарының қанша ауаға ластауының немесе шығарып отырған қалдықтарын барлығын адам қолымен көзбен қолымен емес жүйе арқылы есептеуге үлкен бір мүмкіндіктер туатын болады. Бұл біздің Қазақстанның алдағы уақытта барлық мемлекеттермен бірлесіп дамудан қалыспай, болашақта жетістіктерге жол ашады.
РКС: Аталған шара заманауи технологиялардың digital-дизайнда машықтарды дамытуға қаншалықты көмектесетінін көрсетті. Сонымен бірге халықаралық нарықта студенттер үшін мүмкіндіктерге жол ашады. Ұйымдастырушылар мұндай сессияларды алдағы уақытта да өткізуді жоспарлап отыр. Оған жасанды интеллектті меңгеруге құлықты жас мамандарды көбірек тартпақшы.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖАНДОС САЙЛАУ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ