ДИКТОР: Қазақстанның табиғатты қорғау заңнамасын сақтамаған 4 мыңнан астам құқық бұзушы жауапқа тартылды. «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында Ішкі істер Министрлігі республика аумағында «Браконьер» жедел-алдын алу шарасын өткізді. Тәртіп сақшылары экологиялық қылмыстарды әшкерелеп, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымын анықтап, оның жолын кесті. 93 қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер 39 миллион теңгеден астам айыппұл салды. 4 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 2 мыңнан астамы аң аулау, ал 627-сі балық аулау ережесін бұзған. Тәртіп сақшылары 258 текше метр заңсыз дайындалған ағаш, 4 тоннадан астам балық пен тыйым салынған аулау құралын, 255 киіктің мүйізін тәркіледі. Бұдан бөлек, 400-ге жуық аңшылық мылтығын тәркіледі, оның үштен бірі ішкі істер органдарында тіркелмеген болып шықты.

СНХ: АСЫЛБЕК АБЫЛЛАЕВ, ҚР ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Мысалы айтсақ, Ақмола облысының Егіндікөл ауданында автокөлікті тексеру барысында 33 жабайы қаз және аңшы қаруы табылып, тәркіленді. Күдіктіде рұқсат құжаттары болмаған. Бұл дерек бойынша заңсыз аңшылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі баршаңызды табиғатты қорғау, заңнамаларын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырады.