ДИКТОР: Өңірде Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күніне арналған іс-шаралар легі аяқталды. Бүгін жастарға арналған дәстүрлі акциясы ұйымдастырылды. Шараға шаһардың мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының шамамен 600-ге жуық жасы қатысты. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Салтанатты шара басталмас бұрын кез келген адам экспресс-тест тапсырып, өзінің ВИЧ-статусын біле алды. Сондай-ақ жастар импровизацияланған «қолдау жүрегіне» ВИЧ-пен өмір сүретін адамдарға жылы лебіздері мен тілектерін қалдырды. Ақпараттық материалдармен танысып, ВИЧ-инфекциясы туралы маңызды мәліметтерді өзара талқылады. Шарада облыстық вич-инфекцияның алдын алу жөніндегі орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Құрманбек Бұрмағанов жастардың белсенділігі үшін алғыс айтып, адамның иммун тапшылығы вирусымен күрестің маңызын атап өтті.

СНХ: ҚҰРМАНБЕК БҰРМАҒАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВИЧ-ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Адамның иммун тапшылығы вирусы үкім емес. Онымен өмір сүруге болады. Бірақ ең дұрысы – жұқтырмау. Ол үшін бірінші қарапайым ережелерді білу жеткілікті. СКЛ Білім, жауапкершілік және денсаулыққа ұқыпты қарау адамның иммун тапшылығы вирусын жаңа жағдайлардың алдын алуға көмектесетін басты қадамдары. Бүгін осында келу арқылы әрқайсыңыз алғашқы қадам жасадыңыздар.

РКС: Шара барысында ВИЧ-инфекциясының алдын алу ісіне қосқан үлесі үшін «KOKSHE» телеарнасының редакторы Сәния Идрисова, Астрахан ауданындағы ВИЧ-инфекциясы бойынша жауапты дәрігер Анастасия Афанасьева, «Panacea Clinic» серіктестігі Жастар денсаулық орталығы, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы, «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы және Облыстық психикалық денсаулық орталығының әлеуметтік оңалту бөлімшесі алғыс хаттармен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ӘСЕЛ БАЛТАБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ВИЧ-ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚТЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Бүгін біз ауқымды жастар акциясын өткізіп жатырмыз. Оған жоғары және орта оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, белсенді жастар, медициналық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар шақырылды. Дүниежүзілік компания аясында түрлі іс-шаралар өтті: баспасөз конференциялары, телебағдарламалар, түрлі ақпараттық іс-шараларда мамандардың сұхбаттары. Қазір соңғы, қорытынды іс-шара өтіп жатыр.

РКС: Акцияның негізгі бөлігі концерттік бағдарламаға ұласты. Сахнада жастар шығармашылығын насихаттайтын вокалдық және би ұжымдары өнер көрсетті. Сонымен қатар, ВИЧ-инфекциясы туралы маңызды деректер мен алдын алу жолдарын түсіндіретін ақпараттық бейнероликтер мен қойылымдар көрсетілді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АНАСТАСИЯ АФАНАСЬЕВА, ВИЧ-ИНФЕКЦИЯ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ ДӘРІГЕР (АСТРАХАН АУДАНЫ): ВИЧ-инфекциясының қалай жұғатыны туралы ақпарат беру өте маңызды, себебі ол сырқаттың таралуын азайтуға көмектеседі. Ақпараттық профилактика тұрақты түрде жүргізіледі. Сонымен қатар колледждерде және мектептерде ВИЧ-инфекциясының алдын алу туралы лекциялар өткізіліп тұрады. Бұл ақпараттық жұмысты жалғастыру қажет.

РКС: Өңірде қарашаның 10-ы мен желтоқсанның 10-ы аралығында Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күніне арналған айлық өтіп жатыр. Басты мақсаты ВИЧ-инфекциясының таралу мәселесіне азаматтардың назарын аударып, ақпараттандыру деңгейін арттыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін нығайту.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ