ДИКТОР: Біз аса көңіл бөле бермейтін, бірақ тіршілігімізге аса қажетті жабдықтарды жасайтын шеберлер бар. Жылу қазандықтарын жасап шығаратын зауыттың бірі Зеренді ауданында орналасқан. Аталған кәсіпорындағы қарапайым жұмысшылардың тынымсыз еңбегімен танысып келген тілшіміздің бейнематериалына назар аударыңыздар.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Тарсылдаған темір, у-шудың арасындағы қайнаған тіршілік. Зауыттағы 20 адамның күнделікті жұмысы осы. Кәсіпорын ай сайын 10-нан астам жылу қазандығын әзірлейді. Темірді қабылдап алғаннан кейін кезең-кезеңімен атқаратын жұмыс қыруар. Мекеме 1 айда 70-80 тонна темірді кәдеге жаратып отыр. Оның басым бөлігі отандық өнім. Қара темірді балқытып, бір-біріне жалғайтын мамандық иесінің бірі - Владимир Соколов. 20 жылдан артық осы жерде еңбек етуде. Бастапқыда қарапайым дәнекерлеуші болып жұмысқа орналасқан.

СНХ: ВЛАДИМИР СОКОЛОВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бастапқыда қарапайым слесарь болып жұмысқа орналасқан едім. Кейін дәнекерлеушіге арнайы оқу оқып шықтым. Нысандарға барып, зауыттың өнімдерімен танысып, тәжірибе жинақтай бастадым. Бір орында тоқтап қалған жоқпын. Үнемі үйреуден тынбадым. Қазір директордың өндіріс бөлігі бойынша орынбасарымын. Жұмысым ұнайды. Бұл салаға келуім де бекерден бекер емес. Менің әкем, және ағаларым дәнекерлеуші. Мен олардың ізін жалғаушымын. Әр жұмыстың өз қиындығы бар. Бірақ, біздің жұмыс ауырлау, темірмен жұмыс істейміз, жүктеме ауыр.

РКС: Ал, оның әріптесі Андрей Летников бұл зауытта 9 жылға жуық еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында Владимир Соколовты тек жақсы жағынан танығанын айтады.

СНХ: АНДРЕЙ ЛЕТНИКОВ, ДӘНЕКЕРЛЕУШІ: Біздің бригадир бізге әрқашан көмектесіп жүреді. Жылу қазандығын жасаудың процесін жақсы біледі. Бұл сала да еңбек етіп жүргеніне де біршама уақыт болып қалды. Білмегенімізді үйретіп, сұрақтарымызға бірден жауап беретін маман. Бір сөзбен айтқанда өз ісінің хас шебері.

РКС: Зауыттағы әр маман иесі жұмысына аса жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарайды. Мекемеде жас мамандарға да ерекше көңіл бөлуде. Осы орайда, аудандағы колледж студенттері мен мектеп оқушыларын зауытқа апта сайын әкеліп, үйретіп, тәжірибеден өткізеді. Жылу қазандықтарының қуаттылығы 20 киловаттан 3 меговатқа дейін барады. Бұл өңірдегі жалғыз зауыт. Зауыт шығарған қазандықтар тіпті көршіліс елдерге де эскпортталады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ