ДИКТОР: Диқанның маңдай тері - ел ырысы. Биыл Жарқайың ауданының диқандары аталы сөзді тағы бір мәрте дәлелдеді. Аймақ еңбеккерлері рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, өңірдің астық әлеуетін айқын көрсетті. Аудан басшылығының бастамасымен Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының тірегі екенін еске салатын салтанатты шара өтті.
РКС: Биыл аудан диқандары 900 мың тоннаға жуық астық жинап, өңірдің жалпы көрсеткішін айтарлықтай жақсартты. Шаруаларға «Кең дала–2» бағдарламасы шеңберінде 12 млрд. теңге қолдау көрсетіліп, көктемгі-күзгі жұмыс науқаны үшін 17 500 тонна дизель отыны жеңілдікпен жеткізілді. Келер маусымға дайындық та пысықталған. 66 мың гектар аумаққа жетерлік сапалы тұқым дайындалып, 105 мың гектар алқап жыртылды, ал топырақ құнарын сақтап қалу үшін біраз жер парға қалдырылды. Шара барысында ауданның өндіріске серпін беріп отырған бірқатар алдыңғы қатарлы шаруашылықтары атап өтілді.
СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ең жоғарғы бағада дәнді дақылдар бойынша ең үздік нәтижеге қол жеткізген еңбек ұжымдары бар. Олардың қатарында атын атап өткім келеді. «АБС Жаркөл» орташа өнімділігі гектарына 22центнер, «Темірлан»-19 центнер гектар, «Дихан-4» 17 центнер гектар.Сонымен бірге аудандағы ең үлкен егіс көлемі 700 мың гектар. Бұл облыстың жалпы егіс алқабының 13 проценті+скл+Мен сіздерге жаңа жетістіктер тілеймін.
РКС: Мерекелік шарада диқандар мен аграрлық сала мамандарының еңбегі лайықты бағаланып, оларға түрлі мемлекеттік және салалық марапаттар табысталды. Қатысушылар Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен, ақшалай сертификаттармен, «Ақмола – Еңбек озаты» төс белгілерімен, «Елеулі еңбегі үшін» медалімен және «Еңбек даңқы» I, II, III дәрежелі медальдарымен марапатталды. Сонымен қатар еңбек адамының қадірін айшықтаған Жарқайың ауданының 70 жылдық мерейтойлық медальдары да иелерін тапты.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МӘНСИЯ БЕКЖАНОВА, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ «МЕРЕЙ» ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Баршаңызды Ауыл шаруашылығы күнімен құттықтаймын! Адал еңбекті бағалап, қолдау көрсеткені үшін аудан басшылығына ризашылығымды білдіремін. Келесі жылы егініміз бітік болып, берекеміз арта берсін!
РКС: Бұл – жүйелі қолдаудың және диқандардың маусым бойғы еңбегінің нақты нәтижесі. Салтанатты шара аграрлық сала қызметкерлерінің еңбегін бағалап, ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген адамдарға құрметтің белгісі. Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен түйінделді.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ