ДИКТОР: Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «ЭТНOSpace» бейне байқауының жеңімпаздары марапатталды. Облыстық деңгейдегі онлайн байқауда 13 пен 30 жас аралығындағы жастар бақ сынасты. Марапат рәсіміне арнайы шақырылған танымал жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев жастармен кездесіп, ой аласты.
РКС: Кездесу еркін сұрақ-жауап форматында өтті. Өңір жастары әлеуметтік маңызды мәселелермен қатар мәдени және рухани құндылықтар тақырыбын қозғады. Жастардың ой елегі мен болашаққа деген көзқарастарына тәнті болған қоғам қайраткері өз ойымен бөлісті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: Жастармен кездесу өткізіп үлкен әсермен шығып отырмын. Шындық айтқанда біздің жастарымыз мәдениетті, білімді. Білімге деген құштарлығы көңіл толтырады. Тәуелсіз елге қалай қызмет етеміз деген сияқты мәселелер жастарды толғандыратыны маған қойған сұрақтардан айқын сезініп отырмын. Ең бірінші жастардың бойында өз еліме қызмет етемін, адал еңбек етемін деген ниет жатқаны қуантады. Бұл орайда президентіміз Қасым-Жомартұлы Тоқаевтің «Адал әрі әділетті Қазақстан құру» оның алдында «Таза Қазақстан» саясаты жүргізу адал қоғамда әділ Қазақстан құрады деген сияқты Президентіміздің біздің алдымызға қойып отырған мақсаттары, мұраттары жастардың санасына сіңгедігі, сіңіп келе жатқанына менің көзім жетті.
РКС: «ЭТНOSpace» онлайн бейнеролик байқауы қазанның 15-і мен қарашаның 13-і аралығында өтті. Жалпы 17 өтінім түскен. Байқауға Целиноград, Сандықтау, Есіл, Зеренді, Астрахан, Ақкөл аудандары мен Көкшетау, Қосшы қалаларының жастары қатысты. Есіл ауданынан келген Анель Резина «Бірлік пен келісім» номинациясы бойынша 1-ші орынға ие болды.
СНХ: АНЕЛЬ РЕЗИНА, «ЭТНOSPACE» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Бұл байқауға қатысуыма сыныптастарым көмектесті. Біздің сынып көпұлтты. 9 ұлттың өкілі бар. Олар бейне роликте отбасымен бос уақытты қалай өткізетіндерін, жалпы Қазақстан мемлекеті көп ұлтты ел және бұл мемлекетте халықтар өзара тату екенін жеткізді.
РКС: Байқау 3 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. «Үздік этномәдени бейнежоба», «Бірлік пен келісім» және «Шығармашылық шеберлік».
СНХ: ГҮЛЖАН ӘМІРБЕК, «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІК» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Мен өзімде бұл байқауға видео жолдаған едім. Ол жерде идеялогия мында болды. Жай ғана бір шаңырақ астында түрлі этнос өкілдерінің киімін киіп балалар болып отырдық. Және 1 қымыз болды. Өйткені ол ұлттық сусын болғанымен оны балалар бір-біріне ұзата отырып, әр тілде сөз сөйлей, тілек айта бастады. Бұл тікелей жаңағы қазақ даласындағы әртүрлі ұлттың жаңағы мәдениетінің түрлілігін және бір-біріне деген құрметін көрсетеді.
РКС: «Үздік этномәдени жоба» атауын әріптесіміз, «Көкше» телеарнасының тілшісі Арайлым Шытырымбек жеңіп алды. Жеңімпаздар 50 мың теңгенің сертификат берілді және дипломмен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ