ДИКТОР: Қосшы қаласында тамыз айынан бастап ерекше балаларға арналған алғашқы және әзірге жалғыз оңалту орталығы жұмыс істей бастады. Ол Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорының қолдауымен ашылды. Қазір оңалту орталығында 35 тәрбиеленуші ем-дом алып жатыр.

РКС: Айгүл Ережеп оңалту орталығы ашылған күннен бастап қызын емге әкеліп жүр. Аз Аз ана уақыттың ішінде анасы баласының бойынан оң өзгерістерді байқағанын айтады.

СНХ: АЙГҮЛ ЕРЕЖЕП, АНА: Балалармен араласуды бір біріне қалай айтсам екен, қарым қатынас бізге деген уже несі, барлығы уже нәтижесі былай айтқанда уже көрініп жатыр да, мына біраз уақыты келсе де, уже мына жерде қанша концерттері болды, соған мына тәрбиеші апайлары билетіп, сол жағынан. Ашып жатырмын, мен талантын ашып жатырмын, сондықтан ақ орталығының ұжымына көп көп рахмет айтамын.

РКС: Қысқа мерзімде орталық мамандары елеулі нәтижелерге қол жеткізді. 3 баланің тілі шығып, қарапайым сөйлемдер құрай бастады. Кейбір тәрбиеленушілер ас құралдарын қолдану, тамақтану және құрдастарымен өзара әрекеттесу сияқты қарапайым дағдыларды меңгеруде. Орталықта логопед, дефектолог, психолог, кешенді емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, массажист және музыка пәнінің мұғалімі мамандары еңбек етуде.

СНХ: АЛИНА СМАҒҰЛОВА, ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Логопед баланың сөйлеуінде кездесетін кемістікпен, дефектолог маманы психофизикалық жүйесін дамытуға қатысты жұмыс істейді. Ал, орталықтағы психолог түрлі танымдық сабақтар өткізеді.

РКС: Өңірдегі инклюзивті инфрақұрылымды дамыту жұмысы жалғасуда. Биыл Samruk-Kazyna Trust қоры Көкшетау қаласында инклюзияны қолдау кабинетін ашты. 100-ден астам бала қажетті көмек алды. Жалпы, соңғы он айда қор бағдарламалары инклюзия, медицина, спорт, білім беру және мәдениет бағыттары бойынша 800 мың қазақстандықты қамтыды.

ТОҚЖАН ДӘУРЕНБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ