ДИКТОР: Көкшетауда заманауи бес сайысы қарқынды дамып келеді. Бірден бес пәнді біріктіретін ерекше әрі техникалық жағынан күрделі спорттың түрі. Ақмола облысы жастары арасындағы оған қызығушылық жыл сайын артып келеді.
РКС: Александр Суховольский триатлонмен алты жасынан айналысады. Бұған дейін қол күресімен шұғылданған ол кейін өзін спорттың басқа түрінде сынап көргісі келіпті. Бағытын таңдауда оған триалоннан Азия чемпионы болған ағасының үлгісі үлкен әсер еткен. Алғашқы жылдары жүгіру мен жүзуге басымдық берсе, қазір жүгіру оның ең сүйікті ісіне айналып отыр. Жақында өткен республикалық жарыста Александр жеңімпаз атанып, өзін болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшы ретінде көрсетті.
СНХ: АЛЕКСАНДР СУХОВОЛЬСКИЙ, СПОРТШЫ: Бір жарым жыл бұрын біз бес сайыс спорт түріне ауысқан болатынбыз және кем дегенде бір жыл бойы оған толық басымдық бердік. Қазір белсенді түрде жаттығудамыз, сонымен қатар Беларусьтен келген жаттықтырушы бізге көмектесіп, дамуымызға елеулі үлес қосып жатыр. Маған семсерлесу өте ұнайды, өйткені бұл жерде өзіңді мінез-құлық жағынан да, техника жағынан да көрсете аласың.
РКС: Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы келесі жылы спорттың бұл бағытын дамытуға қаржы қарастырылғанын айтты. Қазір спорттың осы түрімен 80 спортшы айналысып жатыр. Алғашқы дайындық, жаттығу және спорттық шеберлік топтары жұмыс істейді.
СНХ: АНЕЛЬ ИСАБАЕВА, СПОРТШЫ: Заманауи бес сайыс түріне бір жарым жыл бұрын ғана ауыстық. Содан бері жақсы нәтижелер көрсетіп келеміз. Алғашқы бетте деңгейіміз мүлде төмен еді. Маған лазеран мен жүзу ұнайды. Өйткені онымен бұрыннан айналысып келеміз, техникалық база бар. Заманауи санаттағы ең жеңіл спорт. Ал мен үшін ең әдемі спорт, бәлкім, семсерлесу шығар. Өйткені бұл спорт өте көркем, оны бақылау қызықты. Әлі де оқуға, жетіліп, өсуге көп мүмкіндігіміз бар.
РКС: Жаттықтырушының сөзінше, аймақ спортшылары Алматы мен Тараз командаларынан кейін елдің мықты үштігіне еніп отыр.
СНХ: СЕРГЕЙ ПРИХОДЬКО, ЗАМАНАУИ БЕС САЙЫСТАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Спорттың бұл түрі өте күрделі техникалық жағынан қиын. Қазір сіздер жаттығу процесін көріп тұрсыздар. Дәл қазір біздің артымызда жаттығып жатқан балалардың жасы 13-терде. Қазір олар семсерлесу спортының құрал-жабдықтарын кимей жаттығу жасап жатыр, өйткені техниканы жақсы меңгеру керек. Тек техника мен үйлесімділік толық дамығанда ғана арнайы киім киюді ұсынамыз.
РКС: Тәрбиеленушілер арасында қазірдің өзінде спорт шеберлігіне үміткерлер бар. Олардың кейбірі республикалық турнирлерге қатысып жүр. Мәселен, желтоқсанның 2-сі мен 7-сі аралығында Көкшетауда заманауи бес сайыстан Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарыстар барлық жас санат бойынша ұйымдастырылады. Қазір оған қызу дайындық жүріп жатыр.
ТОМИРИС ИДРИСОВА, ЖАНДОС САЙЛАУ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ