ДИКТОР: Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жыл сайынғы «Облыстық талантты жастар – 2025» фестивалі аясында кезекті байқау өтті. Төрт бағыттан тұратын таланттар додасының алғашқы кезеңі «Соvеr-нұсқасын орындау» бағдарламасымен ашылды.
РКС: Бұл кезеңге аймақтағы қала мен аудандардың жастары қатысып, өнерлерін ортаға салды. Алғашқы іріктеуге 24 өнерпаз өтінім берсе, байқау күні соның 9-ы ғана сахнаға шықты. Қатысушылардың қатарында жеке орындаушылар да, трио мен квартет топтары да болды. Жас өнерпаздар әр жанрда дайындалған шығармаларын нақышына келтіре орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің ең басты міндетіміз жастардың әлеуметтік саласын арттыру болғандықтан биыл 4 бағытты алып отырмыз. Жылда 14-пен 35 жас аралығында жастар қатысады. Биыл актуалды тақырып бойынша көбіне жұмысшы жастар да қатысып отыр.
РКС: Қалың жұрттың алдында сахнаға шығып, өнер көрсету - өз алдына бір үлкен жеңіс,-дейді қатысушылар. Өнерпаздардың бір бөлігі алғаш рет өнер жолына қадам қадам басса, енді бірі өткен жылғы «Талантты жастар – 2024» байқауының қатысушылары. Солардың бірі — «Шыңға Band» тобы. Былтыр олар өзгеше атаумен өнер көрсеткенімен, байқаудың атмосферасы мен тәртібін жақсы меңгеріп, биыл өз мүмкіндіктерін тағы бір сынауға шешім қабылдаған.
СНХ: «SHYNGA BAND» ТОБЫ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР: Біз 2024 жылдың қараша айынан бастап бірге жұмыс жасаймыз. Университеттің табалдырығынан бастап, Көкшетау қаласына танымал болдық. Енді құдай қаласа бүкіл Қазақстанға танымал музыкалық топ болуға ниеттіміз. Осыған дейін де облыстық байқаулардан жүлделі орындар алдық. Бүгін бас жүлде аламыз деп үміттенеміз.
РКС: Сайыста нағыз таланттар жүзден жүйрік шықты. Қазылар шешімімен бас жүлдені Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері «Тriple а» тобы еншілеп, 200 мың теңге сыйақыны қанжығалады. Бірінші орын Қосшы қаласынан келген жас өнерпаз Зарина Тоқтароваға бұйырып, 150 мың ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші орынға лайық деп танылған Абай Құнанбаев атындағы №2 мектебінің қатысушы Алуа Жақсылық 100 мың теңгенің иесі атанса, үшінші орынға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Shynga band» тобы жайғасып, 70 мың теңгеге ие болды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ