ДИКТОР: Өткен жылы Ұлттық превентивтік механизмнің мүшелері Ішкі Істер Министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесіне, сондай-ақ әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау органдарына 650-ден астам ұсыным жолдады. Бірақ, мемлекеттік мекемелер оның тек 186-сын ғана орындаған. Негізгі сын материалдық-техникалық базаның тозығы жеткеніне, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен жүкті әйелдерге арналған арнайы жабдықталған камералардың жоқтығына, сондай-ақ жабық типтегі мекемелердегі басқа да жүйелі проблемаларға қатысты айтылған. Осы және өзге де мәселелер Көкшетауда өткен кеңейтілген отырыста жан-жақты талқыланды.
РКС: Топ мүшелері мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, осы жылға арналған негізгі жұмыс бағыттарын талқылады. Оң өзгерістер де жоқ емес, ұзақ мерзімге келетіндерді мекемелерде ұстау жағдайыда біршама жақсарып келеді, -деп атап өтті жұмыс тобының мүшелері.
СНХ: РАИСА ШЕР, ҚР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ЖАНЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ: Ең алдымен мен интернат ұйымдарында да, түрмеде де болдым. Бүгінде еліміз бойынша оң өзгерістер байқалады. Былтыр біздің тарапымыздан беерілген 3 мыңнан астам ұсынымның 70 проценттейі орындалған. Техникалық қамтамасыз ету, тамақтандыру және денсаулық сақтау саласындағы мәселелер де кемшін тұстар әлі де бар. Нақты ілгерілеушілікті көріп отырмыз. Мысалы, бұрын түрмедегі медицина Қылмыстық-атқару жүйесі мен Ішкі істер министрлігіне бағынатын болса, қазір ол азаматтық денсаулық сақтау жүйесіне берілді.
РКС: Биыл Ұлттық превентивтік механизмнің өкілдері мен аймақтағы омбудсмен 12 уақытша ұстау изоляторын аралады. Заң бұзушылықтар мен тұтқындардың тұру жағдайлары бойынша кемшіліктер анықталған жоқ.
СНХ: АСЛАН ҚЫЗБИКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Полиция тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Әсіресе уақытша ұстау изоляторларындағы тұтқындардың жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылды. Өткен жылдан бастап ыдыстар толық жаңартылып, тамақтану сапасы жақсарды. Қазір 7 аудандағы бөлімшедегі изолятор толық жөндеуден өтті, бұл жұмыстар облыстық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылды. Көкшетау және Ерейментау қалаларындағы 2 изолятор күрделі жөндеуден өтті. Тұтқындардың құқықтарының бұзылмауы және олардың тарапынан заң бұзушылықтардың болмауы үшін барлық уақытша ұстау пункттері видеобақылау жүйесімен жабдықталды.
РКС: Ұлттық превентивтік механизмнің жүйелі мониторингі нәтижесінде үйлестіру мен сараптамалық кеңестер заңнамаға түзетулер енгізуге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биыл Конституция күніне орай омбудсмен балаларымен бірге темір тордың ар жағында отырған әйелдерге рақымшылық жариялау туралы арнайы ұсыныс жасады. Бұдан бөлек, азаптау әрекеттері үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді ол үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.