ДИКТОР: Аршалы ауданында полицейлер ірі көлемде жасалған ұрлықты әшкереледі. Құқық қорғаушылар автокөлік салонынан 24 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінгендерді құрықтады. Тергеу барысында тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап, ұсталғандардың өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы барын тергеуде. Қарашаның 20-да Аршалы аудандық полиция бөліміне жергілікті кәсіпкер қылмыс жасалғаны туралы арызданды. Жәбірленушінің Mercedes-Benz маркалы автокөлігін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Машинаның салонында ірі көлемде ақша да болған. Тәртіп сақшылары кешенді жедел-іздестіру шарасын өткізді. Қаскөйлердің жақын аумақтар бойынша мүмкін болатын қозғалыс маршрутын анықтап, бейнебақылау камераларының жазбасын зерттеп, олардың жеке басын анықтауға кірісті. Ұрланған автокөлікті іздестіруге Ақмола облысымен қатар елордадағы патрульдік полицияның экипажы да кірісті.

СНХ: АЛМАГҮЛ ТҰРСЫМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Жедел қызметкерлердің жүйелі жұмысының арқасында қысқа мерзімде оқиғаға қатысы бар адамдар тобы, сондай-ақ олардың орналасқан жері анықталды. Үш күн қарқынды іздестіруден кейін Аршалы ауданының аумағында Қызылорда облысының тумалары, 27 және 29 жастағы ер адамдар ұсталды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.