ДИКТОР: Оқу жылы басталғалы өңірдегі білім ошақтарында патриоттық тәрбиеге бағытталған 15 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылды. Соның бірі — Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 мектеп-интернатында өткен мемлекеттік рәміздерге арналған тәрбие сағаты. Мұнда оқушылар патриотизмнің қайдан басталатынын, елдің дәстүрі мен рәміздерін құрметтеудің не себепті маңызды екенін жан-жақты талқылады. Тілші баяндасын.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Әр дүйсенбі «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары Әнұран орындайды. Бұл — жас ұрпақтың бойында елге деген мақтаныш пен құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған игі дәстүр. Одан соң тәрбие сағатында оқушыларға мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы кеңірек түсіндірілді.
СНХ: АЖАР ЖАНҰЗАҚ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН №3 МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Қазақстан бұл егеменді ел болғандықтан, өзінің ұлттық рәміздерін 1992 жылы қабылдаған болатын дәл осы тәуелсіздік алғаннан кейінгі рәміздерді. Қабылдау бұл қазақ тарихындағы маңызды мәселелердің бірі болады деп санаймын, себебі рәміздер бұл нағыз патриоттың елін сүйетін, қорғайтын тілін, дінін ұлттық насихатын, болмысын насихаттайтын, оны құрметтейтін, қадірлейтін адамның санасында болуы қажет заттар деп ойлаймын.
СНХ: САНЖАР ЕРЕЖЕПОВ. АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН №3 МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Біз ең алдымен өзіміздің мемлекетіміздің Конституциясына бағыну керекпіз және мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу керекпіз, бұл жайлы тіпті Қазақстан Республикасының Конституциясының Отыз төртінші, отыз алтыншы баптарында айтылған.
РКС: Білім ошағында тәрбие сағаттарымен қатар викторина, пікірсайыстар, түрлі байқау және мемлекеттік рәміздер жөніндегі білімді анықтайтын тесттер де ұйымдастырылады. Мұнда тәрбие бағытына айырықша мән беріледі. Биыл облыс мектептерінде 140 мыңнан астам тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Онда мұғалімдер оқушыларға патриотизм, азаматтық жауапкершілік, ел тарихы және жастардың ел болашағындағы ролі жайлы жан-жақты ақпарат берді.
ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.