ДИКТОР: Бурабай ауданында туризм саласы жыл озған сайын қарқынды дамып келеді. Биыл «Қазақстанның інжу-маржаны» атанған Бурабай курортына 900 мыңнан астам турист келсе, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 миллион 300 мыңнан асады деген болжам бар. Президент тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға дейінгі кешенді жоспар аясында аймақты одан әрі дамыту шаралары жүйелі түрде іске асырылып жатыр. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ауданға жұмыс сапары аясында жергілікті тұрғындармен кездесіп, өңірдің қазіргі даму динамикасына тоқталды.

РКС: Кездесу барысында өңірдің дамуындағы негізгі бағыттар сөз етілді. Атап айтқанда, инвестиция мен өнеркәсіп саласындағы оң динамика, сондай-ақ іске асқан инфрақұрылымдық жобалардың маңызы сөз етілді. Көлік кептелістерін азайтуға бағытталған шаралар, туристік нысандарды жаңғырту, теміржол инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері де назарға алынды. Өнеркәсіп және инвестиция саласында тұрақты өсім бар. Жыл басынан бері ауданда 17 жобаға 14,6 млрд. теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

СНХ: АЙЖАН СЕЙІТҚАЗИНА, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Өзекті мәселелер шешіліп жатыр. Соңғы екі жылда ауылдарда жарық, су жүйесі, жолдар жүйесі, мәдениет үйлері салынып жатыр. Аудан тұрғындары кезекте үй жаймен тұрған болатын да. Енді былтырдан бері 200 ге жуық үй берілген. Тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін өте көп жұмыстар істелінді.

РКС: Биыл аудан диқаншылары қамбаға 300 мың тоннадан астам өнім жеткізді. Гектарынан 24 центнерден айналды. Мемлекет тарапынан ауданның аграрийлеріне көрсетілетін қолдау 1,5 есе артты. Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары нәтиженің бірі.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазіргі таңда осы Қазақстанның жинаған 30% астығы ол Ақмола облысының диқандары жинап отыр. Оның ең жоғарғы 52 % астығы тағы Ақмола облысының диқандары жинап отыр. Ол жерде осы Бурабайдың да үлесі зор. Былтыр 244 мың тонна жиналған екен, биыл 300 мың тонна астық жинап отсыздар. Жалпы республика бойынша 17 центнер деп отыр астық көлемі. Бурабайдың диқандары 24 центнер жинап отыр. Ол да бір жақсы көрсеткіш.

РКС: Тұрғындармен кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азамат «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар жиында ауданның коммуналдық кәсіпорындарына арнайы жаңа техникалардың кілті табысталды.

СНХ: ҚАСЕН ҚҰСАЙЫНОВ, АБЫЛАЙ ХАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ВЕТЕРИНАРЫ: Төсбелгіге өте қуаныштымын ол маған ғана берілген құрмет емес, бүкіл ветеринария саласына берілген. Мен өзім қырық жылдан артық істеймін ветеринария саласы өте керек, өте ауыр маман, өйткені жастар қазір келе қоймайды, жалақысы да кішкене аздау болды, енді соның бәріне елге қызмет ету үшін шыдадық. Ең бірінші біздің міндетіміз адамдардың денсаулығын сақтау, мына малдың аман болуын, соны сақтау, еліміздің қауіпсіздігін сақтау, сол бірінші мәселеміз сол. Тек жақсылық болсын.

РКС: Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жиналған қауымның пікірлері мен ұсыныстары назарға алынды.

ИНТЕРШУМ: Подскажите пожалуйста в этом году получим жилья?

В этом году мы покупаем 85 квартир, которые в порядке очередности будут распределены. Если вы как социально выявленные население, там же есть категория, если вы в этих списках стоите, вот через Отбасы Банк, вы можете сейчас Алмат Викторовичу обратиться, председателю Отбасы Банка, если он посмотрит, проверит вас по своим данным, и вам точно скажет.

СНХ: АРМАН ДОСМАҒАНБАТОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен өзім 9-шы мектеп гимназиясында қызмет атқарамын. Біздің мектебіміз ескі ғимарат. Тарихы терең мектебіміздің. Оқушылары облыстық, республикалық және аудандық жарыстарда, байқауларда үлкен жүлделерге ие болып жатады. Осы ауданда ең бірінші қазақ мектебі. Сол қазақ мектебін салып берсе. Қазір өңірлерде көріп жатырмыз біз басқа жақтарда да келешек мектептері салынып жатыр. Сондықтан тағы бір қазақ мектебі бой көтерсе деген ұсыныс болып тұр.

РКС: Бұл мәселе алдағы уақытта жан-жақты зерделеніп, қаралады,-деді аймақ басшысы. Кездесуден соң облыс әкімі Марат Ахметжанов азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ