ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында Елорда іргесіндегі Қоянды ауылының ішкі жолдарын жөндеу барысымен танысты. Тілші баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қоянды ауылы ішкі жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. 21 шақырымға жуық межені аяқтау үшін 14,7 миллиард теңге бөлініп отыр. Ал елдімекеннің көше-жол желісін күрделі жөндеуге 9,2 миллиард теңге қарастырылған. Жобаның ұзындығы 17 шақырымға жуық.

СНХ: НҰРҚАНАТ ТӨЛЕУБАЙ, ЖОБА ЖЕТЕШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ішкі көшелерді салу жобасы аясында биыл Жүнісов көшесі бойында 4 шақырымға жуық жол толықтай асфальтталып, жарық бағаналары орнатылды. Жаяу жүргіншілер жолы жасалды және ауылдағы көшелер желісі толықтай ретке келтірілді. Келесі жылы жолдың үстіңгі қабаты ұсақ түйіршікті асфальтобетонмен жабылады, сонымен қатар 4-ші шағын ауданда жұмыстар жүргізіліп, ылғалданған топырақ ауыстырылып, жолды асфальттау жұмыстары басталады. Су ағызу арналарын орнату да қарастырылды.

РКС: Сонымен қатар шамамен 10 шақырым арық жаңадан қазылып, үш мыңға жуық учаскеде тазалау жұмысы жүргізілді. Оң өзгерістерді байқап жүрміз, әлі де реттеуді қажет етені жұмыстар бар,-дейді қоғам белсенділері.

СНХ: АМАНЖОЛ ДӘКІСҰЛЫ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Қоянды ауылында он төрт жылдай тұрамын. Қоянды ауылында оң өзгерістер 23-ші жылдан басталды. Біз қоғамдастыққа келгенде мәселелер көп болды, проектілер жасалмаган көп жолдарға. Енді нақтылап қолға алдық, жиырма үшінші жылы қолға алғанбыз, 45 км жаңа жобамыз дайын тұрды, сосын 23 км міне Қоянды жолдарының бірінші кезеңін жасатқан болатынбыз. Міне оның нәтижесін көріп отырсыздар. Бұл елімізде енді көп ауылдарда жоқ деп ойлаймын, бұл төрт жолақты жол, енді міне шамдар жанып тұр. Оның сыртында бізде екі жоба іске асып жатыр. Жалпы оң өзгерістер бар, ауылымыз даму үстінде, енді әлі де дами береді.

СНХ: ДОСЖАН МҰРАТ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ең басты мәселе бізге мына бас жақтан су келеді. Енді көктемде қатты келеді. Главный жолда көп болмайды. Мына Қоянды көшесі дейді. Соның бас жақтарынан су кетеді. Енді ол жаққа қазір лоток салып жақсы істеп жатыр. Жолдарын асфальттап, тротуарларын салып.

РКС: Қоянды ауылының жолдарын жөндеу жұмысын келер жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ