ДИКТОР: Ақмолалық 24 бозбала Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін Ақмол кентіндегі Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшесіне аттанды. Осыған орай кеше әскерге шақырушыларды шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті. Тілшіміз Динара Нұрмұханова баяндайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Әскери борышын өтеуге аттанғандардың қатарында Расул Бекболат та бар. Жасы 19 да. Бала кезінен әскери қызметкер болуды армандаған ол Отан қорғау - әр азаматтың міндеті деп санайды.
СНХ: РАСУЛ БЕКБОЛАТ, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ: Өзімнің елімді қорғауға, өзімнің әскери борышымды атқаруға кетіп бара жатырмын. Бүгін біз үшін осындай концерт өткізіп жатыр. Болашақта контрактпен қалуға ойым бар. Бұл әр жігіттің міндеті. Менің жасым 19-да. Сабақ бітіріп өзім әскерге барамын деп шештім. Ата-анам қолдады.
РКС: Елге қызмет ету – әр азаматтың қасиетті борышы. Шара барысында жиналғандар болашақ сарбаздарға ақжарма тілектерін арнады. Әскер қатарындағы жауапкершілік пен ерлік туралы ойларымен бөлісті.
СНХ: САМАТ ТҰРҒАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бүгін – ерекше күн. Біз бозбалаларды Отан алдындағы борышын өтеуге аттандырғалы тұрмыз. Олар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің №44813 әскери бөлімінде қызмет етеді. Осындай абыройлы да батыл ұлдарды тәрбиелеген ата-аналарға алғыс білдіреміз. Болашақ сарбаздар Отанымыздың нағыз қорғаушылары, тәуелсіз Қазақстанның ұландары. Әрқайсысы әскери борышын абыроймен атқарып, елге аман-есен оралсын. Бір жылдан соң осы құраммен қайта қауышайық.
СНХ: БЕКСҰЛТАН ТЕМІРБОЛАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазақстан батырлары, тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаhaрманы Сағадат Нұрмағанбетов, Рейхстагқа алғашқы ту тіккен Ұлы Отан соғысының батыры, Халық Қаhарманы Рақымжан Қошқарбаев, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Қазақстан Авиация генерал-майоры Талғат Бегелдинов, Кеңес Одағының батыры, жазушы-ғалым Мәлік Ғабдуллиндер ерліктің үлгісін көрсетіп кетті. Біз олардың жолын жалғап, тәуелсіз мемлекет құрып, Қарулы Күштерімізді қалыптастырдық. Қазіргі заманға сай кәсіби жоғары қабілетті әскеріміз бар. Әскери қызметшілер жоғарғы кәсіби дайындықтың, ұжымшылдық пен жауынгерлік шеберліктің үлгісін көрсетуде.
РКС:Шара барысында бірқатар әскери қызметін өткергендің бірқатарына атақтар берілді. Мерекелік жиын патриоттық рухтағы концертпен түйінделді.
ИНТЕРШУМ:
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ