ДИКТОР: Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде 2 мыңға жуық құтқарушы еңбек етеді. Олар күн сайын өзгенің өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қатерге тігетін жандар. Солардың бірі Көкшетау қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі - Камат Баязитов.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Камат Баязитов өрт сөндіру қызметінде 13 жылдан астам еңбек етіп келеді. Алғашқы еңбек жолын 2010 жылы Бурабай ауданына қарасты Зелёный Бор ауылындағы №25 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде бастаған ол, кейін Көкшетау қаласының өрт сөндіру бөліміне ауысады. Бүгінде жауапкершілігі мол командир ретінде 10-ға жуық қызметкерге жетекшілік етеді

СНХ:КАМАТ БАЯЗИТОВ, ҚАЛАЛЫҚ №1 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМ КОМАНДИРІ: Ең алдымен өрт сөндіруші – өз мамандығыңа деген адалдық. Біздің міндетіміз-адамдар мен олардың мүлкін қорғау, ел қауіпсіздігін сақтау. Оларға қиын сәтте дер кезінде көмек көрсету. Мұндағы әр өрт сөндіруші өз ісін жетік меңгерген, тәжірибелі мамандар деп айта аламын. Себебі әрқайсысы өртті сөндіру мен адамдарды құтқару кезіндегі жауынгерлік міндетін абыроймен атқарады.

РКС: Камат Баязитов 2023 жылы Түркияда болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға бағытталған құтқару операциясына қатысты. Бұған қоса, кейін өңірдегі су тасқыны кезінде де жоғары кәсібилігі мен ерлігімен ерекшеленді. Көрсеткен кәсіби шеберлігі үшін түрлі жоғары марапатқа ие болды. Әріптестері де, оның кәсіби біліктілігін жоғары бағалайды.

СНХ: ҰЛАН БЕЙСЕМБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ №1 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Камат Қалыбекұлы Баязивтовты 2015 жылдан бері білемін. Өзім ауданнан ауысып келіп, қарауыл бастығы қызметіне тағайындалған кезде ол менің қарауылымда өрт сөндіруші, кейін аға өрт сөндіруші, одан соң бөлімше командирі болды. Қазір ол бөлімше командирі ретінде өз қарамағындағы қызметкерлер үшін жауап береді. Өртті сөндіру немесе авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде де солардың қауіпсіздігіне жауапты. Жауапкершілігі мол, өз ісін жетік меңгерген білікті маман.

РКС: Қызметінен бөлек, отбасының тірегі, қамқор әке, сүйікті жар. Дегенмен, жауапты мамандық иесі болғандықтан, әрдайым сапта. Жалпы, өңір құтқарушылары жыл сайын 1 мыңға жуық түрлі апаттың алдын алады.

РИЗА ЖҰПАРИЯ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ