ДИКТОР: Соңғы екі айда «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының қолдауымен 3 миллион тоннаға жуық астық тасымалданды. Бүгінде компания ауыл шаруашылығы өнімдерінің тек еліміз бойынша ғана емес, шетелге де үздіксіз және қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етеді.
РКС: Биыл елде теміржол арқылы жүгері тасымалының көлемі айтарлықтай артты. Былтырғы көрсеткішке зер салсақ, ішкі тасымалдар 52, ал экспорттық тасымалдар 21 процент өскен.
СНХ: САПАР ЖАЗЫБАЕВ, «ЖҮК ТАСЫМАЛЫ АҚМОЛА БӨЛІМШЕСІ» ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Маркетингтік жылдың алғашқы екі айында Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша жаңа егіннің көлемі шамамен 1,4 млн тоннаға тең. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29% артық. Оның ішінде ішкі тасымал көлемі 257 мың тонна, яғни 49 % өскен. Жалпы тасымалдың 1,1 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді. Сәкесінше, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21% жоғары.
РКС: Жалпы биыл еліміз үшін берекелі жыл. 27 млн. тонна астық қамбаға құйылды. Осы ретте «Қазақстан Темір Жолы» компаниясына да үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Элеваторлар өз кезегінде астық тасымалдайтын вагондарды белгіленген пункттерге уақытылы жөнелтуді қамтамасыз етуде.
СНХ: ЖАНАТ ӘЛЖАНОВ, «SINEGOR-GRAIN» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің басты міндетіміз – жаңа егінді қауіпсіз сақтау. Элеватор толық қуатымен жұмыс істеп, қазіргі күнге дейін 30 мың тоннадан астам жүгері қабылдады. Көршілес мемлекеттер – Өзбекстан мен Тәжікстан теміржол әкімшіліктерінде инфрақұрылымдық мәселелер туындағаны рас. Дегенмен, қазір «Қазақстан Темір Жолы» тек жүгері жүктерін Орта Азия елдеріне тасымалдауға рұқсат беретін бұйрық шығарды.
РКС: Бүгінде «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының астық тасымалдайтын вагондар паркі нарық қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Биылғы астықты ел ішінде де, экспортқа да тасымалдауға 13700 вагон бар.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ