ДИКТОР Ақкөл ауданында жасанды интеллект қолданылатын сүт-тауарлы ферма жұмыс істей бастады. Бұл Қазақстанда алғаш рет іске асырылып отырған жоба. Еңбек ауылындағы кәсіпорнында сүт өндірісінің барлық циклы автоматтандырылған және озық технологиялар қолданылады.
РКС: Бір қарағанда бұл кәдімгі сүт-тауарлы ферма. Бірақ бұл жерде сауыншы жоқ, барлық жұмысты робот атқарады. Фермада барлық процесс жасанды интеллекттің көмегімен автоматтандырылған. Жүйе сиырларды адамның қатысуынсыз сауып, әр жануарға жеке-дара тәсіл қолданады. 300 бас голштин тұқымдас ірі қара мал күніне алты тоннаға дейін сүт береді.
СНХ: САҒЖАН РӘКІШЕВ, СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ: Фермада роботтандырылған сауын жүйесі орнатылған. Оның көмегімен сиырлар тәулік бойы тоқтаусыз сауылады. Бізде сауыншылар жоқ. Сиырлар арнайы аппаратқа өздері кіреді. Одан соң арнайы сауын құрылғысы 3D камера арқылы автоматты түрде іске қосылады.
РКС: «Ақылды» сүт-тауарлы ферма – аудандағы ірі әрі бірегей инвестициялық жобаның бірі. Инвестиция көлемі жеті миллиард теңгеден асады.
СНХ: САЯТ АХМЕТЖАНОВ, АҚКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жоба біздің өңіріміз үшін өте маңызды. Қосымша жұмыс орындары, салық түсімдері көбейеді. Сондықтан жоба айтарлықтай тиімді, біз оны әрі қарай дамытуға ниеттіміз.
РКС: Болашақта фермаға тағы да 500-ге жуық ірі қара мал жеткізілмек. Жергілікті билік жобаның аудан үшін маңызы зор екенін айтып отыр. Аталған жоба цифрлық шешімдердің ауыл шаруашылығына қалай оі ықпал ете алатынын көрсетті. Ал жасанды интеллект адамды алмастыратын емес, оның серіктесіне айналғанын дәлелдеді.
МӨЛДІР ЕЛЕМЕСОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ