ДИКТОР: Көкшетауда «Халықпен бірге – тәртіп үшін» атты флешмоб өтті. Оған 100-ден аса белсенді мен студент қатысты. Науқан қоғамдық тәртіпті нығайтуға және қылмыстың алдын алуға бағытталған. Полиция қызметкерлері мен флешмоб қатысушылары қала тұрғындарын өмірдің кез-келген саласында тәртіпті сақтауға шақырды. Акцияға қатысушылар адамның қоғамға тигезер әсері жайында сөз қозғап, оның жағымды және жағымсыз жақтарын көрсету мақсатында ұтымды мысалдар келтірді. Жастарды өмірге жауапкершілікпен қарауға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырды. Тәртіп сақшылары «Тәртіп өзімізден басталады!», «Ішімдік - тығырықтан шығар жол емес! Құрмет пен бірлік – күш!» тақырыбын қозғады.

СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ: ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін халықпен бірге тәртіп үшін акциясының аясында белсенді қоғаммен және жастармен бірлесіп флешмоб өткізудеміз, оның мақсаты көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, алкогольдік ішімдікпен жасалатын құқық бұзушылықтың және отбасылық зорлық зомбылықтың алдын алу, азаматтарды өзара сыйластыққа және жауапкершілікке шақыру, тәртіп. Тыныш өмірдің кепілі әркім өзінен бастаса, қоғам өзгереді, ішімдік отбасына, денсаулыққа, болашаққа зиян, сондықтан осындай іс шараларға қатысуға өңіріміздің белсенді тұлғаларын шақырамыз.