ДИКТОР: Қорғаныс Министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждінде алғашқы сарбаздар запасқа шығарылды. Салтанатты шараға тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.
РКС: 1996 жылы кадет корпусы ретінде құрылған оқу орны араға үш жыл салып, әскери колледж болып ауыстырылды. 1999 жылы алғашқы кәсіби сержанттар легі түлеп ұшты. Бүгінге дейін әскери колледж 4 мыңнан астам сержантты даярлап шығарды. Бүгін колледждің бір жылдық мерзімді қызметін атқарған алғашқы 35 сарбазы запасқа шығарылды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЙБЕК ҒАБДРАХОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бір жыл бұрын келген сарбаздарымыз өздерінің мерзімді қызметтерін атқарып, үйлеріне қайтып жатыр. Сарбаздарға көп рахмет. Қызметтің ашщысын да тұзшысын да қызметтің бәрін көрді. Ешқандай ескертусыз, тәртіп бұзушылықсыз бәрін өткеріп шықты. Ең жақсы, жоғары балл алған кадеттеріміз «Срочник 2.0» бағдарламасы бойынша республикамыздың түрлі оқу орындарына сертификаттарын алды. Біздің әскери колледжімізде ең бірінші қызмет атқарып жатқан сарбаздар. Осыдан әрі қарай бұл тәжірибені жалғастырамыз.
РКС: Шарада мерзімді қызметті атқару барысында үлкен жетістіктерге жеткен бір топ сарбаз сертификаттармен марапатталды. Балаларын қолдауға келген ата-аналарға Алғыс хаттар табысталды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЮРИЙ ГОМОЗОВ, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕРДІҢ АТАСЫ: Мен немеремнің осы жерде сарбаз ретінде әскери қызмет еткеніне өте қуаныштымын. Оларда қамтамасыз ету ротасы болған. Балаларымызды аман сақтап, оларға өмірлік маңызды ілім мен тәртіп үйреткені үшін басшылығына ризашылығымды білдіремін. Мен ант қабылдау рәсімінде болғанымда, олар сәл қорқақ еді. Ал қазір – нағыз қырандар, өз Отанын қорғауға дайын ержүрек жігіттер.
СНХ: САЯТ АМАНГЕЛДИНОВ, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР: Бір жыл ішінде әскери колледжде, яғни Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледжінің ең бірінші сарбаздар болып келеміз. Бір жылдың ішінде көп нәрселерге тәнті болдық. Суығын да тәттісін де көрдік. Әр сарбаз өзінің ішіндегі жан-дүниесін аша білді. Менің бір жылым жай кеткен жоқ деп мақтан тұта аламын. Өйткені мен өз елімде егеменді Қазақстанда, өзімнің Отанымда борышымды өтеп келдім. Бір жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, ата-аналарымыздың қуанышына шек болдық.
РКС: Бұған дейін колледжде сарбаздар әскери қызмет атқармаған. Алдағы уақытта мерзімді әскери қызметке сарбаздарды қабылдау жалғасады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ