ДИКТОР: Зеренді ауданының тұрғындары жаңа пәтерлердің кілтін алды. Бұрын қауіпті аймақта тұрған халық, енді қолайлы жағдай жасалған баспанаға көшуде. Облыс әкімі Марат Ахметжанов 8 отбасына жаңа баспананың кілтін табыстады. Сондай-ақ, аймақ басшысы көктемгі су тасқынынан сақтайтын Зеренді көлінің жағалауында жаңадан салынған қорғаныс бөгетін қарап шықты. Аудан тұрғындарымен де кездесті.
РКС: Биыл көктемде Зеренді көліндегі су деңгейі айтарлықтай көтерілді. Сондықтан еріген қар суы тасып, курортты ауылдағы Мусин көшесінің бойындағы бірнеше үй су астында қалды. 17 баспана жарамсыз деп танылды.
СНХ: ВИКТОР КРИВОРУЧКА, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұған дейін жағдайымыз қиын болды. 4 сәуір біздің баспанаға су кіріп кетті. Топан су тұрғындардың үйлерін толығымен басты. Тіпті, менің үйімнің 1-ші қабаты толығымен су астында қалды. Ауладағы бақшадағы су деңгейі 30-40, тіпті 50 сантимерге дейін жетті.
РКС: Жергілікті билік көл жағалауында топырақтан қорғаныс бөгетін тұрғызып, дренажды-нөсерлі жүйе орнатты. Енді су деңгейі көтерілген кезде сорғы станциялары автоматты түрде жұмыс істейді.
СНХ: ЕВГЕНИЙ ШЕЙЛМАН, «АҚМОЛА СУ ҚОЙМАЛАРЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Зеренді ауылындағы Мусин көшесі бойында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қорғаныс бөгетінің құрылысы толығымен аяқталды. Қорғаныс бөгетінің ұзындығы 1300, ені 5, биіктігі 3 метр. Көктемгі еріген қар суын айдауға арналған екі резервуар орнатылды. Жұмыс маусым айында басталып, қазан айының соңында аяқталды. Жүргізілген жұмыстар Мәлік Ғабдуллин көшесін ішінара Мусин көшесін толық қорғайды деп болжадық.
РКС: Биыл жергілікті билік тұрғындарды қаупсіз жерге көшіру мәселесін басты назарға қойды. 8 отбасы қоныс тойын тойлап, ауылдың қақ ортасында тұрған көпқабатты пәтерлердің кілтін алуда. Олардың арасында Криворучканың отбасы да бар.
СНХ: ЛЮБОВЬ КРИВОРУЧКА, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жаңа баспана көңілімізден шықты. Әркім өзі қалаған пәтерін алды. Аз уақытта жылдам, әрі жұмыла істелген жұмыс үшін алғысымды айтамын.
РКС: Облыс әкімі жұмыс сапары аясында Зеренді ауданының тұрғындарымен де кездесті. Көктемгі су тасқынының алдын алуға қатысты жүзеге асырылып жатқан шаралар жайлы тілге тиек етті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Судың екпіні азайтып, әрі қарай жүреді. Екпіні тежейтілген 3 осындай су қоймасы болады. Жалпы 4 жарым миллион куб жинайтын. Сосын су кеткесе, ол қалады. Ол жерде демалыс орын ашып, балық асырауға мүмкіндік тигізеді. Ол да жақсы халыққа.
РКС: Сонымен қатар, халықпен кездесу барысында Зеренді ауданындағы қоқыс қалдықын қайта өңдеу кешенінің құрылысы, ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелер және өңдеу өнеркәсібінің әлеуеті жан-жақты талқыланды.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ