ДИКТОР: Атбасар ауданының диқаншылары 600 мың тоннадан астам астық жинады. Қазір жиналған өнімнің негізгі бөлігі элеваторларда және астық қабылдау пункттерінде сақталуда. Сонымен қатар ауданда жаңа асфальт зауыты іске қосылды. Осы және басқа өндірістік нысандар туралы тілшіміз баяндасын.
РКС: Мариновка ауылындағы астық қабылдау пункті 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір элеватор заманауи жабдықталған мықты кәсіпорынға айналған. Астық қабылдау пункті тәулігіне 68 мың тоннаға дейін дән қабылдайды. Элеваторда ұн тарту кешені жұмыс істейді, ол тәулігіне 250 тонна өнім өндіреді.
СНХ: СЕРГЕЙ КРИВОШЕЕВ, «ИРЧЕНКО ЭЛЕВАТОР» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2016 жылы іске қосылған кезде бірден астық өңдеу мәселесі туындады. Сол себепті 2017–2018 жылдары біз диірменді іске қостық. Оның жабдықтары Түркиядан жеткізілді. Сонымен қатар, диірменді 2–3 күн ішінде малдың жемазығын өндіруге икемдейміз. Тәулігіне 310–320 тоннаға дейін жемазық дайындалады. Зауытқа теміржол келетін үш жолақ бар, әр жолда таразы орнатылған. Осы үш жол арқылы біз барлық өнімімізді тиеп шығара аламыз.
РКС: Элеватордың жекеменшік теміржол тұйығы, автотиегіш желісі мен өнім сапасын мұқият тексеретін өндірістік зертхана бар.
СНХ: НАДЕЖДА ПУШНАЯ, «ИРЧЕНКО ЭЛЕВАТОР» СЕРІКТЕСТІГІ ӨНДІРІСТІК ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Зертхана бидайды сапалы әрі тез қабылдауға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілген. Құрғататын құрылғы арқылы бидайдың ылғалдылығы дәл анықталады. Кейін камаздар бидайды түсіретін арнайы орынға жеткізеді, ал жұмысшылар қабылдау процесін жалғастырады. Ылғалды бидай құрғатуға жіберілсе, құрғақ бидай тікелей дән сақтайтын қоймаларға түседі.
РКС: Атбасар ауданының инфрақұрылымында құрылыс саласы да маңызды роль атқарады. Биыл аймақта асфальт өндіретін зауыт ашылды. Жоба құны – 1,6 миллиард теңге. Кәсіпорын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген және барлық сапа талаптарына сәйкес.
СНХ: БОРИС АНТОШКИН, «ABB CONSTRUCTION» СЕРІКТЕСТІГІ АТБАСАР ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз жолдарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарымен айналысамыз. Биыл бункері мен жинақтағышы бар зауыт іске қосылды. Зауыт қапталған сүзгілермен жабдықталған, бұл қала аумағында да экологиялық таза асфальт шығаруға мүмкіндік береді. Биылдан бастап автожолдарға асфальт жеткіздік. Жұмысымызды жуырда ғана бастадық. Болашақта қосымша өндіріс бөлімшесін салуды жоспарлап отырмыз. Қазір штатта шамамен 25 адам жұмыс істейді.
РКС: Осындай жобаларды жүзеге асыру өңірдің азық-түлік және инфрақұрылымдық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ