ДИКТОР: Степногорск қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Мұнда шаһардың аға буын өкілдері бос уақыттарын тиімді өткізіп, спортпен және шығармашылықпен айналысады. Орталыққа 500-ге жуық зейнеткер тұрақты түрде келіп тұрады. Тілшіміз жалғастырады.
РКС: Орталықта аға буын өкілдерінің демалып қана қоймай, дамуына да барлық жағдай жасалған. Қазір орталықта 500 зейнеткерге 14 үйірме жұмыс істейді.
СНХ: ОЛЬГА ВАСИЛЕНКО, ЗЕЙНЕТКЕР: Орталық ашылғаннан бері осында келіп жүрмін. Бізге өте жақсы әрі ыңғайлы. Мен йогаға, фитнеске және нейрожаттығуларға қатысып, тоқыма, тігін және мүсіндеумен айналысамын. Атмосферасы тамаша – бәріміз бір-бірімізбен танысып, сөйлесеміз, уақытты жақсы өткіземіз. Осындай орталықтың ашылғанына өте ризамыз.
РКС: 80 жастағы қала тұрғыны Анатолий Кириченко өзінің бос уақытын күн сайын фитнес және үстел тенниспен айналысып, тіпті вальс билеуді де үйреніп жүр. Өмірім қайтадан жарқын түстерге толы болды, – дейді зейнеткер. Орталықта жайлы атмосфера орнаған, зейнеткерлер бір-бірін қолдап жүреді.
СНХ: АНАТОЛИЙ КИРИЧЕНКО, ЗЕЙНЕТКЕР: Мен тенниске, фитнеске және би үйірмесіне қатысып жүрмін. 80 жасымда вальс билеуді үйреніп қалармын деген оймен келдім. Бұл орталықтың үйімнің жанында орналасқаны қуантады, күн сайын келуге мүмкіндік бар. Денсаулығымызды сақтау үшін бірнеше секцияға қатысамын.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Орталықта әркім өзіне ұнайтын іспен айналыса алады. Спорттық және шығармашылық үйірмелерден басқа, зейнеткерлер компьютерлік сауаттылық сабақтарына қатысады.
СНХ: ФАРИДА ЕСЖАНОВА, ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ: Орталыққа 65 пен 90 жас аралығындағы зейнеткерлер келеді. Тіпті 90 жастағы әжелер бар. Мұндай орталықтар зейнет жасындағы адамдардың әлеуметтенуі үшін өте маңызды. Бұрын белсенді өмір сүріп, еңбек еткен. Қазір біз оларды мәдени, іскерлік және спорттық өмірге тартамыз. Олар орталыққа үлкен ықыласпен келеді.
РКС: Зейнеткерлер біздің жасымыз спортпен және шығармашылықпен айналысуға кедергі емес дейді. Алдағы уақытта орталықта тағы бірнеше үйірме ашылып, түрлі бағыттар бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ