ДИКТОР: UFC жартылай орта салмағындағы әлем чемпионы Джек Делла Маддалена келесі қарсылас ретінде қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. Аустралиялық файтер бұл пікірін экс-чемпион Исраэль Адесаньяның подкастында айтты.Маддалена алдағы екі аптадан кейін өз белбеуін алғаш рет қорғауға шығады. Оның қарсыласы — жеңіл салмақтың бұрынғы чемпионы Ислам Махачев, ол жоғары салмақ дәрежесіне көтерілгеннен кейін жаңа белесті бағындырмақ. Ал Маддалена бұл кездесуден кейін Шавкат Рахмоновпен айқасуды мақсат етіп отыр. Маддалена сондай-ақ өзінің Шавкат Рахмонов сияқты әзірге жеңіліп көрмеген қарсыласты жеңуге қабілетті екенін атап өтті.