ДИКТОР: Біріккен ұлттар ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының сарапшылары климаттың өзгеруіне байланысты әлемдегі барлық орманға қауіп төніп тұрғанын айтты. Бұл қиын жағдай температураның көтерілуінен, ылғалдың төмендеуінен және зиянкестердің жаппай зақымдануынан туындаған орман өрттері мен құрғақшылықтың көбеюіне байланысты туындады. Біріккен ұлттар ұйымының еуропалық экономикалық комиссиясының жауапкершілігі аймағындағы елдер — Еуропада, Солтүстік Америкада, Кавказда және Орталық Азияда — 1,76 миллиард гектардан астам ормандар бар, бұл дүние жүзіндегі орман ресурстарының 40%-дан астамы. Аймақтың жалпы орман алқаптары 60 миллион гектарға ұлғайғанымен (ең үлкен өсім Еуропа мен Орталық Азияда тіркелді), керісінше жаһандық деңгейде жыл сайын шамамен 10,9 миллион гектар орман жойылады. Біріккен ұлттар ұйымының еуропалық экономикалық комиссиясының өкілі Паола Деданың айтуынша, 2021 жылы өрт 12,6 миллион гектар орманды жойды. Бұл Грецияның көлеміне тең. Тағы 73 миллион гектар орман, шамамен Испания мен Португалияны біріктіретін аумақтай жер жәндіктер, зиянкестер және түрлі аурудан зардап шекті.