ДИКТОР: Көкшетауда «Педагогикалық идеялар панорамасы-2025» облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Биыл ауқымды сайысқа бір мыңға жуық ұстаз қатысты. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

РКС: Дәстүрлі байқауға мектеп мұғалімдерімен бірге колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары да қатысты. Ойы мен идеясы ұшқыр ұстаздар білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған авторлық жобаларын ұсынды. Жалпы биыл сайысқа бір мыңға жуық өтініш келіп түскен. Байқау нәтижесі бойынша 42 педагог 7 номинация бойынша үздік деп танылды.

СНХ: ҒАЛЫМБЕК ОҢҒАРБАЙ, БАЙҚАУДЫҢ 3-ШІ ОРЫН ИЕГЕРІ: Жалпы қуаныштымыз. Осындай мүмкіндік беріп, өзіміздің ойларымызды, идеяларымызды осылай жарыққа шығарып, көпшілікке таныстыруға мүмкіндік беріп жатқан барлықтарыңызға көп алғысымызды білдіремін.

РКС: Облыстық іріктеуден өткен ұстаздар енді республикалық кезеңде бақ сынайды. Жеңімпаздар халықаралық деңгейдегі педагогикалық шеберлік фестиваліне қатысуға мүмкіндік алады. Байқау жыл сайын «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының қолдауымен өткізіледі. Негізгі мақсат – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған авторлық идеяларды айқындап, заманауи технологиялар мен озық оқыту әдістерін кеңінен насихаттау.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ