ДИКТОР: Маңғыстау облыстық мәслихатының делегациясы жұмыс сапарымен Көкшетауға келді. Сапардың басты мақсаты — тәжірибе алмасып, аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Депутаттар Ақмола облысының әлеуметтік, білім және мәдени салаларындағы жаңалықтармен танысты. Тақырыпты әріптесім Динара Нұрмұханова жалғастырады.

РКС: Маңғыстаудан келген мәслихат депутаттары сапарларын Қосшы қаласы мен Бұланды ауданынан бастады. Онда ауыл шаруашылығы және өндірістік нысандарды аралап, жергілікті кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Кейін облыс орталығына келіп, тарихи-өлкетану музейін аралады, Көкшетау жоғары техникалық колледжінде болды.

СНХ: ӘБІЛҚАЙЫР ОШАҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: Тәжірбие алмасуға біздің әріптестеріміз де маңғыстау облысынан келді. Біздің мақсатымыз Ақмола облысының көркемділігін, біздің білім саласында қандай жағдайда болып жатқан ең бір жақсы жерлерді көрсетіп, таныстырып, тәжірбие алмастыру. Кешеден бері біз Қосшы қаласындағы қандай ғимараттар салынғанын, қандай оқу орындары бар екенін, біздің өлкелік музейде болдық. Бүгін міне Жоғарғы біздің Көкшетау колледжіне келіп мамандықтарды көрсетіп, таныстырып жатырмыз. Әрине бүгінгі бағдарларымыз үлкен. Әріптестеріміз маңғыстау облысының өте қуанышты. Ақмола облысының ауылшаруашылығы жағынан көрсеткіштері егін науқаны да үлкен.

СНХ: ҒАЛЫМ БАЙЖАНОВ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Көкшетау қаласына келіп жатырмыз. Яғни Ақмола облысының орталығына келіп жатыр. Көкшетауда орналасқан музейде болдық. Тағылым үлкен тәрбие алатындай жалпы Ақмоланың жалпы қазақ тарихының жалпы адамдық бастауынан бастап, біраз ақпарат берді. Біздің Маңғыстау облысының депутаттары Ақмола облысының депутаттарымен әріптестік қарым-қатынасты, тәжірбие алмасу. Біздің мұнайлы өлке болатын болса, сіздікілер мына жерде егін деген сияқты жаңағы бидай өлкесі екен.

РКС: Маңғыстаудан келген делегацияны ерекше әсерге бөлеген — Көкшетау жоғары техникалық колледжі. Мұнда еңбек нарығына қажетті жұмысшы мамандар даярлауға барлық жағдай жасалған. Жылу энергетикасы, мехатроника, электроника, прототиптеу, бағдарламалау, электромобильдерді диагностикалау, инклюзия және робототехника бағыттарында заманауи зертханалар жұмыс істейді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Колледж қабырғасында бүгінде Маңғыстаудан келген 29 студент «Жарқын болашақ» бағдарламасы аясында білім алып жүр. Депутаттар жерлестерімен кездесіп, олардың оқу және тұрмыс жағдайымен танысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Халық қалаулылары жас мамандардың кәсіби тұрғыда шыңдалып жатқанын, колледждің техникалық базасының жоғары деңгейін ерекше атап өтті. Осындай кездесулер өңірлер арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға жаңа серпін береді. Сапар соңында делегация Аршалы ауданына баруды жоспарлап отыр.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ