ДИКТОР: Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жаңа астықтың бағасын белгіледі. 2025 жылғы бидайдың құны нарықтық көрсеткіштен 90 мыңнан 115 мың теңгеге дейін жоғары болмақ. Астықтың бағасы фермерлерге шығындарды жабуға және өндірістің рентабельділігін сақтауға мүмкіндік береді. Астық нарығының ұлттық операторы кейіннен форвардтық қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде астық сатып алынатын бағаны анықтайды. Бұл фермерлерді қолдауға көмектеседі және аграрийлердің бәсекеге қабілеттілігі қазақстандық астықтың әлемдік нарықтағы орнын нығайтады.

ГРАФИКА: Қосылған құн салығын ескере отырып, 2025 жылғы астық өнімінің бір тоннасының бағасы қамырлылығы 27 проценттен асатын 3 классты бидай үшін 115 мың теңге. 25 пен 27 процент аралығындағы 3 классты дәнді дақылдар 94 мыңнан 96 мың теңге аралығында болады. Үшінші классты қамырлылығы 23-24 проценттік бидайдың құны 90 мың теңгеден жоғары бағаланып отыр. Ал 4 классты бидай құны 80 мыңнан 82 мың теңге аралығында болмақ. 5 классты бидай құны 70 мың теңге болып бекітілді. Ұлттық компания бидайға 90 мың теңге баға қойып отыр. Және бірқатар талаптары да бар: Ол бидай мөлдірлігі - 60 процент, құлау құны 200 болуы шарт. Азық-түлік корпорациясы 2классты арпаға 75 мың теңге ұсынуға дайын.

МӘТІН: жаңа астыққа баға

3 классты бидай

• Қамырлылығы 27%+ – 115 мың теңге

• Қамырлылығы 25-27%, 250 – 96 мың теңге

• Қамырлылығы 25-27%, 200 – 94 мың теңге

• Қамырлылығы 23-24%, 230 – 92 мың теңге

• Қамырлылығы 23-24%, 160 – 90 мың теңге

4 классты бидай

• Қамырлылығы 20-22%, 200 – 82 мың теңге

• Қамырлылығы 18-19%, 80 – 80 мың теңге

5 классты бидай

• Қамырлылығы 18% – 70 мың теңге

Қатты бидай

• Бидай мөлдірлігі 60%, 200 – 90 мың теңге

2 классты арпа

• 75 мың теңге

ДИКТОР: Форвардтық сатып алу ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудың ең қажетті құралдарының бірі. Бағдарлама аграрийлерді қолжетімді құралдармен және күзгі кезеңде өнімді кепілдендірілген өткізумен қамтамасыз етеді. Жаңа маусымда Тәжікстан мен Өзбекстан, Ауғанстан, Иран және Қытай дәстүрлі экспорттық нарық болып қалады. Сондай-ақ алыс бағыттарға - Солтүстік Африка, Парсы шығанағы және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне астық тиеу жалғасады. Транзит Қара және Балтық теңіздерінің порттары арқылы ұйымдастырылмақ.