ДИКТОР: «Көкшетау Энерго» серіктестігінің 2024–2025 жылдарға арналған тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы жөнінде пресс тур өтті. Тур барысында 2024–2025 жылдары жүзеге асырылған инвестициялық жобалардың орындалу нәтижелері қорытындыланды. Атқарылып жатқан жұмыстар мен олардың іске асырылу барысы туралы шараға қатысып келген тілші баяндасын.
РКС: Шара конференциялық сипат алды. Баяндамашылар 2024 жыл мен 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы тарифтер динамикасы, негізгі және әкімшілік шығындар құрылымы, сондай-ақ компанияның пайдасы мен қызмет көлеміне қатысты маңызды деректерді талдады. Инвестициялық бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарға келсек: электр желілерінің сапасы жақсарып, техникалық шығындар азайды. Тұтынушыларға сапалы әрі үздіксіз электр энергиясын жеткізу қамтамасыз етілді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Сапар барысында мамандар 10/0,4 кВ №143 кешенді трансформаторлық станциясын ауыстыру жұмыстарының барысымен таныстырды. Елді мекенде электр тарату желісі толықтай жаңартылды. Бұрынғы ескі ағаш бағандар мен ашық сымдардың орнына заманауи темір-бетон құрылдары орнатылып, оқшауланған сымдар тартылды. Сондай-ақ көше шамдары да түгел ауыстырылды. Көп жылдар бойы назардан тыс қалған мәселе биыл түбегейлі шешімін тапты.
СНХ: НҰРЛАН ЖҮНІСОВ, «КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ» БӨЛІМШЕСІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Қазіргі таңда біз «Лесхоз» деген елді мекенде тұрмыз. Бұл елді мекенінде инвестициялық бағдарлама бойынша көптеген жұмыстар атқарылды, соның ішінде міне артымызда тұрғандай трансформаторлық қосалқы станциямыз 10/0,4 киловольттық құрылғымыз ауыстырылды, онымен қоса электр тарату желілері ауыстырылды 100% және де Көкшетау қаласы әкімшілігімен қатар бұл жерлерде елді мекеніміздің жарықтандыру бағдарламасы өтті.+СКЛ+Тұрғындар барлығы риза, өйткені оған талай жылдар көңіл бөлінбеген. Қазіргі таңда халықтың ризашылығы өте зор
РКС: Келесі нысан – 110/10/6 кВ «Жылу» қосалқы станциясы. Осы күнде электр бекетінде 1991 жылдан бері пайдаланылып келген ескі қондырғылар толық жаңартылып, заманауи жабдықтар орнатылды. Қосалқы станция толық қайта жөндеуден өтті. Жобаның жалпы құны 700 миллион теңгеге жуық. Ажыратқыштар мен айырғыштар енді қашықтан басқару жүйесі арқылы автоматты түрде сөндіріліп, қосылады. Жұмыс барысына мамырдан қыркүйекке дейін, шамамен төрт ай уақыт кетті. Бұл іске қалалық электр желілерінің бес бригадасы, жиырма беске жуық маман қатысты.
СНХ: СНХ: ВЛАДИМИР СӘЛІМЖАНОВ, «КӨКШЕТАУ ҚАЛАҚЫҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ» БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚОСАЛҚЫ СТАНСАЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Реконструкция аясында ескі майлы ажыратқыш 32 дана жаңа вакуумдық ажыратқышқа ауыстырылды. Сондай-ақ 2 дана заманауи газды ажыратқыш орнатылып, бұрынғы айырғыш, қысқа тұйықтағыштар алмастырылды. Сонымен қатар 110 кВ кернеудегі 6 дана айырғыштар, релейлік қорғау және автоматика шкафтары, сондай-ақ 2 дана күштік трансформатор ауыстырылды. 2 дана жедел ток шкафы мен 2 дана аккумуляторлық батарея орнатылды. Бұдан бөлек, сызықтық арматура толық жаңартылды – оның ішінде сымдар мен 1150 дана оқшаулатқыштар ауыстырылды.
РКС: Инвестициялық бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар электр желілерінің сенімділігін арттырып, тұтынушыларды сапалы әрі тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жаңғыртылған нысандар мен орнатылған заманауи жабдықтар қызмет сапасын жақсартып, техникалық шығындарды азайтты. «Көкшетау Энерго» ұжымы алдағы уақытта да өңірдің тұрақты энергиямен қамтылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ