ДИКТОР: Атбасардағы ең көне білім ордаларының бірі жаңғыртылуда. №7 орта мектепте күрделі жөндеудің негізгі кезеңі аяқталды. 60 жылдан аса тарихы бар ғимаратта күрделі жөндеу алғаш рет жасалуда. Биыл мектептің негізгі инженерлік жүйелері мен оқу кабинеттері жаңартылды. Білім ошағындағы жаңалықтар жайында тілшіміз баяндайды.

РКС: №7 мектепте 500-ден аса оқушы екі ауысымда білім алады. Оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі. Биыл білім ордасы жаңартылды. Ғимараттың ішкі және сыртқы келбетінде өзгерістер айтарлықтай байқалады. Фойе, асхана, спортзал, екі инклюзия кабинеті және басқа да сыныптар жөндеуден өткен.

СНХ: НҰРСҰЛУ ӘЛКЕНОВА, №7 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 2 жылға арналған биылғы жылы жоспар бойынша мектебіміздің жылу, су құбырлары толығымен ауыстырылды. Кабинеттерге линолеум төселіп коридорларымыз дәліздерге керамогранит төселінді, сонымен қатар біздің мектебімізге. Бізге құрылыс жұмыстарын жасап берген Арлан 2004 компаниясы ол кісілерге алғысым шексіз, бұрынғы жылға қарағанда мектебіміз қазір өте жақсы жағдайда. Кіреберіс дәлізді бізге іске қосып берді.

РКС: Түзету қолдауына мұқтаж балаларға да ерекше көңіл бөлінген. Олар үшін заманауи кабинет ашылды. Мұнда логопед пен дефектологқа арналған жабдықтардан бастап релаксация аймағына дейінгі барлық жағдай қарастырылған.

СНХ: ФАРИДА ДҮЙСЕМБЕКОВА, ЛОГОПЕД: Маған келетін балалардың тізімі бойынша үш бала келеді, яғни бұл енді қыркүйек айына санаған кезімде үш бала болып тұр, Ал алдағы уақытта ПМПК-дан өткеннен кейін бала саны қосылады және де алдағы уақытта ата аналармен консультация жүргізіледі және де балалар санын алдағы уақытта көбейтетін боламыз және де біздің кабинетте осы кабинет арнайы логопед маманына, дефектолог маманына, психолог маманына. Бізде тактильді жолдар және де балаларға қызықты балаларды тыныштандыратын бізде бассейндер бар, яғни ол жерде допмен толтырылған және де сонымен қатар батут сосын Жаңағы түтікше бар. Ол жерде ІІІ сумен толтырылған балықтармен, яғни бұл балаларға тыныштандыруға арналған орталық болып саналады және де балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға бізде құмдар бар жаңағы балалар ойнап жатқан леголар бар. ІІІ. Сонымен қатар балаларға қызықты көптеген ойыншықтар.

РКС: Келесі жылы білім ордасында электр жүйесі мен өрт дабылы толықтай ауыстырылады- дейді мектеп директоры. Кабинеттердің қабырғалары тегістеліп, төбелері заманауи кермелі материалмен жабылады. 1963 жылы салынған мектеп үшін бұл – алғашқы ауқымды жөндеу. Мұғалімдер мен ата-аналар жаңарған ғимаратта балалардың оқу процесі бұрынғыдан да қызықты әрі жайлы болатынына сенімді.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ