ДИКТОР: Көкшетаулықтар мен қала қонақтары жарқын музыкалық мерекенің куәсі болды. «Көк шалғын» аллеясының ашылуына орай бас сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – Alem, «Ringo» тобы және Жанар Дұғалова өнер көрсетті. Концерттің қалай өткенін және несімен есте қалғанын келесі бейнематериалдан көріңіздер.
РКС: Қала тұрғындарын жергілікті ғана емес, сондай-ақ танымал әртістердің қатысуымен өткен әсерлі концерттік бағдарлама күтіп тұрды. Сахнаға алғашқы болып қазақстандық әнші Alem шықты. Оның отты өнері көрермендерді бірден баурап алып, алаңды ашық аспан астындағы би шеңберіне айналдырды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жаңбырлы ауа райына қарамастан, алаңға жүздеген қала тұрғыны мен өңір қонақтары жиналды. Ән мен әуеннің ырғағына ілескен жұрт шаттыққа бөленіп, концерт нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.
БЛИЦ: Концерт күшті болып жатыр. Суық күнге қарамастан осындай әдемі концерт өтіп жатыр. Үлкен рақмет.
- Концерт классный. Все атмосферно.
- Супер. Отлично все. Атмосфера супер.
РКС: Музыкалық эстафетаны «Ringo» тобы іліп әкетті. Жарқыраған әуендер жас пен кәріні бір арнаға тоғыстырды. Тіпті жаңбырдың себелеуі де шат көңілді баса алмады – көпшілік сүйікті әндерін қосыла айтып, алаңды әсем әуезбен тербетті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жанар Дұғалованың өнер көрсетуі кештің шарықтау шегіне айналды. Оның қуатты дауысы мен харизматикалық орындауы мерекенің айрықша атмосферасын қалыптастырды. Көпшілік үшін әншінің сахнаға шығуы кештің басты тосын сыйы болды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: «Көк Шалғын» аллеясының ашылуына арналған концерт шын мәнінде шынайы әсер сыйлаған, есте қаларлық оқиға болды. Табиғаттың тосын мінезі де мерекенің сәнін бұза алмады. Көкшетау тұрғындары жаңа демалыс орнын ғана емес, сондай-ақ толассыз қуаныш пен жағымды эмоцияға кенелді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ