ДИКТОР: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жалғасуда. Игі шара аясында «АMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы әр апта сайын «таза бейсенбіліктер» өткізіп жүр.
РКС: Осы жолы Көкшетаудағы «Бәйтерек» саябағы қоқыстан тазартылды. Қайтадан жаңғырып, жаңарған саябақ бүгінде шаһар тұрғындарының демалатын сүйікті орындарының бірі. Аумағы да үлкен. Тазалық акциясына 100-ге тарта партия белсенділері, мемлекеттік орган өкілдері, жастар мен студенттер қатысты. Жалпы партияның бастамасымен биылдың өзінде 50 шақты тазалық акциясы ұйымдастырылған.
СНХ: АҚМАНАТ ӘЛІМБЕТОВА - "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Барлық қоқыстарын шығарып, ертең қаламызға әдемі серуендейтін паркімізді күтіп ұстау бар мақсатымыз. Тазалық мәдениетін қалыптастыру, яғни өзі жинаған қоқысын ертең өзі бұл жерге тастамауға тырысады. Яғни бұл жерде біз тек қана қызметте жүрген, мемлекеттік қызметте жүрген жастар студенттер ғана емес, жалпы халықты тартып жатырмыз.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.