ДИКТОР: Ақмола облысында 23 мыңнан астам педагог бар. Жас ұрпақтың алаңсыз білім алуына және ұстаздардың мәртебесін көтеру мақсатында Көкшетауда мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай ерекше құрмет көрсетілді.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Іс-шараға өңірдің 500-ден астам педагогі қатысты. Салтанатты кеш аясында аймақ басшысы Марат Ахметжанов өмірлік маңызды миссия арқалаған барша ұстаздарды мерекемен құттықтап, бала бойына білім мен тәрбиенің дәнін егетін педагогтерге ерекше құрмет көрсетті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Сонымен қатар, шара барысында білім беру саласына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар педагогке еңбек ардагері, ыбырай алтынсарин және ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері төс белгілері табысталды. Соның ішінде Айгүл Төнкер де бар. Ол Целиноград ауданы Софиевка ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде 14 жылдан астам еңбек етуде.
СНХ: АЙГҮЛ ТӨНКЕР, Ы.АЛТЫНСАРИН ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ:
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Сондай-ақ, Степногорск қаласынан келген Қарлығаш Сүлейменоваға кәсіби міндетін үлгілі орындағаны үшін құрмет атағы беріліп, 3 млн теңгенің ақшалай сертификаты табысталды.
СНХ: ҚАРЛЫҒАШ СҮЛЕЙМЕНОВА, КӘСІБИ МІНДЕТІН ҮЛГІЛІ ОРЫНДАҒАНЫ ҮШІН ҚҰРМЕТ АТАҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:///қаз///
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Мерекелік жиын соңы өңірге танымал жұлдыздардың және өнерлі ұстаздардың қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ