ДИКТОР: Ақмола облысындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 95-і ғана бейімделген. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандары бойынша өңірде 958 нысанда бейімдеу шаралары аяқталу тиіс.
РКС: Аймақта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құруға ерекше екпін беріліп отыр. Бұл өңірлік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.
СНХ: НҰРГҮЛ БЕКСҰЛТАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар «АМАNАТ» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында жүзеге асырылып жатар. Барлығы 958 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын бейімдеу жоспарлануда. Биыл 192 нысанды бейімдеу шарасы жоспарланған.
РКС: Бейімделуге жоспарланған нысандар: 55 білім беру, 38 денсаулық сақтау, 20 мемлекеттік басқару, 17 мәдениет, 6 спорт, 2 әлеуметтік қорғау және дүкен, дәріхана, банк тәрізді 54 нысан.
ИНФОГРАФИКА:
55 - БІЛІМ БЕРУ НЫСАНЫ
38 - ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ
20- МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ
6 - СПОРТ НЫСАНЫ
2 - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ НЫСАНЫ
54 - ӨЗГЕ ДЕ НЫСАН
РКС: Азаматтарға ыңғайлы болу үшін елімізде «Интерактивті қолжетімділік картасы» іске қосылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің порталында мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар туралы қажетті ақпарат бар.
СНХ: ЗҮЛФИЯ КҮСТЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 1-ші қазанда Ақмола облысы картасына 1725 нысан енгізілді. Оның ішінде мүгедектер арбасына - 1177, есту қабілеті нашар - 1275, ал көру қабілеті нашар адамға - 1181 нысан. Сондай-ақ, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған адамға 1179 нысан енгізілген. Бұл карта нысандардың нақты қолжетімділік көрсеткіштерін бақылауға, бақылаушы органдар үшін де ыңғайлы және маңызды құрал болып табылады.
РКС: Десе де мамандар кемшіліктерді байқауда. Мәселен, қажетті ақпарат көбінесе нашар толтырылады. Сонымен қатар, фотосуреттер де жиі жоғалатын көрінеді. Бұл кемшіліктер мемлекеттік органдар тарапынан тиісті қадағалаудың жоқтығын көрсетеді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ