ДИКТОР: Көкшетау жоғары медициналық колледжіне - 75 жыл! Осыған орай 13-ші аймақтық халықаралық конференция өтті. Оған Қытай, Иран, Үндістан, Малайзия, Австралия, Тайвань, Оман және Қырғызстан елінің денсаулық сақтау саласының үздіктері қатысты. Бұл конференция өңірдің әлеуетін арттырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтпақ. Толығырақ алдағы сюжетте.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Көкшетау жоғары медициналық колледжі 1949 жылы мейірбике мектебі болып ашылды. Сол жылы 75 студент оқуға қабылданды. Колледж қабырғасы осы уақытқа дейін 25 мыңнан астам білікті маман даярлапты. Бүгінде мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1 мыңнан астам студент оқиды. Тіпті, Моңғолия елінен дәл осы білім ордасын таңдап келгендер де бар.

СНХ: ГҮЛМИРА МАХМЕТОВА, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сапалы білім бергеннен кейін әрі қарай жұмыспен қамтамасыз етеміз Ақмола облысында. Басқа қалалармен де меморандумымыз бар жасалған. Сол қалаларға да барып жұмыс атқарады. Бірінші ол жұмыспен қамтамасыз етеміз. Біздің оқушыларымыз жұмысқа кірген кезде оларды жан-жақты шетелде оқытады. Әртүрлі мамандық бойынша. Сондықтан да бізді таңдайды деп ойлаймын.

РКС: Конференция аясында өзге елден келген ғалымдар 10-нан астам баяндама жасады. Конференцияда онкологиялық аурулардың алдын-алу жолдары талқыланды.

СНХ: РҮСТЕМ МОЛДАҒАЛИ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақмола облысында, жалпы Қазақстанда алғаш рет Азия-Тынық мұхиты онкологиялық аурулардың алдын-алу ұйымы маңызды конференция ұйымдастырды. Конференцияға мейірбике қызметкерлері де тартылады. Біз онкологиялық аурулардың алдын алу, оны емдеу және диагностикалау бойынша шешімдер қабылдап, жаңа әдістер әзірлейтін боламыз.

РКС: Қоғамға аса қажетті ұстаздық пен дәрігерлік қызметтерді ұштастыра білген Көкшетау жоғары медицина колледжінің ұжымын Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова құттықтады.

СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көкшетау қаласының жоғары медицина колледжінің 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! 75 жыл ішінде денсаулық сақтау және білім беру саласында колледж біраз айтарлықтар биіктіктерге жеткен болатын. Колледж студенттері мен оқытушылары облыстық, республикалық пән олимпиадаларында зияткерлік шығармашылық байқауларда да және спорт жарыстарында жыл сайын жүлделі орындарда көрінуде.

РКС: Мейірімді де парасатты, білікті де іздемпаз ақ халатты абзал жандарды тәрбиелеуге сүбелі үлес қосып жүрген бір топ оқытушыға өңір басшысының алғас хаттары табысталды.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ