ДИКТОР: Атбасарда қаңғыбас иттер тұрғындарға қауіп төндіріп отыр. Атбасарлықтардың айтуынша иессіз қалған иттер азық іздеп, көшелерде үйірмен жүреді. Тіпті тұрғындарға да шабуыл жасайды деп дабыл қағуда. Биыл 116 адамды ит қапқан. Алаңдаған тұрғындар бұл мәселемен қалай күресетіндерін және кімге шағымдану керектігін білмейді.

РКС: Қаңғыбас иттер атбасарлықтарды алаңдатып отыр. Иесіз жүрген иттерді тұрғын үй кешенінен бөлек, білім ошақтарының манынан да кездестіруге болады. Балаларымыз үшін күнде уайымдап отырамыз, -дейді қала тұрғындары. Себебі, мектеп оқушылары қаңғыбас иттерден өздерін қорғай алмайды.

БЛИЦ-ОПРОС: Да, у нас в Атбасаре есть такая проблема: бродячих собак очень много. Либо район, где освобождается жильё — людям некуда деваться, они отпускают собак, а те бегают; либо сами по себе они размножаются — как это обычно делается, сами же понимаете.

– Здесь у нас свора собак размножается каждый год. Щенята растут. Я лично не видел, но слышал, кусали собаки не однократно. Люди обращались и в соцзащиту и в акимат ходили, это понаслышке все.

РКС: Қаңғыбас иттерге қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, тұрғындардың шағымы азаяр емес. Иесіз иттерді ұстауға жағдай жасалмаған, оның үстіне Атбасар қаласында жануарларға арналған приютта орын аз.

СНХ: ТОЛҚЫНБЕК БЕРДІБЕК, АТБАСАР АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Атбасар ауданында бір приют бар. Но, өте кішкентай. Ол жерде 20-30 шақты ит қана тұр. Қазіргі таңда ол жерде бүкіл Атбасардағы иттерді апарып сыйдыру мүмкін емес.

РКС: "Көкше қазына" серіктестігі иттерді зарарсыздандыру және вакцинациялауға уақытша ұстау үшін арнайы тендерді жеңіп алды. Олар 278 қаңғыбас итті ұстады. Жауапты сала мамандарының айтуынша бұралқы иттерді 15 күн ұстап, құтыру ауруына қарсы вакцина салып, чиптеп қайта босатқан.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ