ДИКТОР: Көкшетаудағы белсенді ұзақ өмір орталығында тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды. Жарысқа 20-ға жуық аға буын өкілі қатысты. Шараның мақсаты - зейнеткерлердің арасында бірлікті арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

РКС: Белсенді ұзақ орталығының 50-ден астам аға буын өкілі тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысып, ойынның қыр-сырын меңгеруде. Соның бірі - 77 жастағы Қағира Рақымова.

СНХ: ҚАҒИРА РАҚЫМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бос уақытым болса осы тоғызқұмалақ кіріп кетемін бірден. Бұл өте кісінің миын дамытады. Біз енді отырып қалғаннан кейін қимылымыз азайып, ойлаудан қалдық. Бұл нәрсе мен үшін өте керемет. Бір ғанибет.

РКС: Аға буын өкілдеріне арналған турнир олардың жан-жақты дамуына, тұлғалық қасиеттерін дамытуға жол ашатын маңызды алаң. Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, қарттар арасындағы бірлікті арттырады, - дейді тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі Баян Мәкенова.

СНХ: БАЯН МӘКЕНОВА, ТОҒЫЗҚҰМАЛАР ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Мен тоғызқұмалақ ойынын көптен бері ойнаймын. Мен бұл аға буын өкілдеріне нағыз керек ойын екенің түсінемін. Қазіргі таңда деменция сынды сан түрлі аурулар жүр. Одан бөлек, есте сақтау қабілетінің нашарлауы да жиі кездеседі. Бұл ойын арқылы ондай аурулардың алдын-алуға болады. Үйірмеге қатысатын 50 адамның ішінде инсульт алған қарттар бар. Салдарына олардың қолдары дірілдеп, сөйлеу қабілеті нашар болды. Ал тоғызқұмалақ ойынының арқасында оң нәтиже байқала бастады. Бұл мені қуантады.

РКС: Қарттар мұндай турнир жиі болғандарын қалайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта тоғызқұмалақ турнирі өз жалғасын табады. Жарыс соныңда жеңімпаздар анықталып, оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ