ДИКТОР: Көкшетауда Қазақстан Халық партиясының «Диалог, идеялар, өзгерістер» атты кең ауқымды форумы өтті. Қоғамдық-саяси алаңда партиялық жұмысты дамыту, азаматтық қатысу мен жастар көшбасшылығын нығайту бағыттарында жаңа басымдықтар айқындалды. Шараға Мәжіліс депутаттары, өңірлік филиалдардың басшылары, қоғамдық және азаматтық белсенділер, сондай-ақ партияның серіктестері қатысты.
РКС: Қазақстан Халық партиясы 2004 жылы сәуірдің 13-і құрылған. Партия қызметі шынайы демократияға, әлеуметтік әділеттілікке және ғылыми-техникалық прогресс негізіндегі өркендеген экономикаға негізделген қоғам құруға бағытталған. Партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев мұндай қоғамның өзегінде азаматтық құқықтары толық қамтамасыз етілген және жан-жақты даму мүмкіндігі бар адам тұруы тиіс екенін атап өтті.
СНХ: ЕРМҰХАМЕТ ЕРТІСБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің түсінігімізде саяси партия – ең алдымен билік институты. Бізде Парламенттік партия бар, сондықтан Парламентпен қатар халықпен де тікелей байланыс орнату аса маңызды. Қазір Қазақстан үшін ең басты міндет – институттарды дамыту. Осы орайда елде қуатты саяси партия институты қалыптасуы қажет. Өйткені саяси партиялар сөз жүзінде емес, іс жүзінде мықты болғанда ғана билік пен халық арасында берік байланыс орнап, күнделікті диалог қамтамасыз етіледі.
РКС: Күн тәртібінде жастар көшбасшылығын дамытудың жаңа тәсілдері мен аймақтық қоғамдық қабылдаулардың рөлі талқыланды. Айта кетейік, бұл саяси бірлестік халыққа құқықтық көмек көрсетіп, нақты еңбек иелерін ұлықтайды. Биыл Жұмысшы мамандықтар жылына орай партия «Еңбек адамы – 2025» байқауын ұйымдастырды. Іріктеу нәтижесінде 7 номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЖАНТӨРЕ СМАЙЫЛОВ, «ҮЗДІК КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, «ҚОСШЫ СУ» КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Мен коммуналдық шаруашылық саласында 14 жылдан аса еңбек етіп келемін. Осы кезеңде сала бойынша мол тәжірибе жинақтадым. Форумды ұйымдастырғаны үшін қатысушылар мен басшылыққа алғысымды білдіремін. Партия саясаты – болашаққа жасалған маңызды қадам. Биылғы жыл жұмысшы мамандықтарына арналған, бұл – Қазақстанның жарқын болашағына бастайтын үлкен қадам.
РКС: Шара қатысушылары үшін суретші Александр Трофимовтың фотокөрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Шантөбе кентіндегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстары қойылды. Шара барысында шамамен 150 ақмолалық партия қатарына қабылданды. Партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев жаңа мүшелерге партиялық билеттер табыстады.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ